Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет333/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
күшейтіп, дамыта қосылып жатыр. 
Адам саны жағынан да қазақ әдебиетін 
орта мектептер мен ЖОО-ларда 
оқытатын маман оқытушылардың 
және ғылыми дәрежелері бар ғалым 
әдебиетшілердің мол отрядын жа-
сап алдық. Кемшіліктері бола тұрса 
да біздің әдебиеттану ғылымымыз 
жыл санап даусыз өсіп келеді деп 
айта аламыз» деген оймен тұжырым-
дады. Оның негізсіз айтылмаға-
нын Е. Ысмайыловтың «Ақындар» 
(1957), М. Ғабдуллиннің «Қазақ 
халқының ауыз әдебиеті» (1958), 
Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен 
әдебиет тарихының мәселелері» 
(І том, 1958), Б. Кенжебаевтың «Қазақ 
халқының ХХ ғасыр басындағы де-
мократ жазушылары» (1958), М. Әуе-
зовтің «Әр жылдар ойлары» (1959), 
М. С. Сильченконың «Творческая 
биография Абая» (1959) секілді ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ғы лы-
ми тереңдей бастағанын көрсететін 
монографиялық мәндегі еңбектердің 
шығуы да дәлелдей түскен болатын.
Біздің ойымызша, маркстік-ле-
ниндік ілімге толықтай бетбұрыс 
жа саған бұл конференция әдебиет 
туралы ұлттық ғылымның қалыптасу 
кезеңіндегі зерттеу жұмыстарының 
осы әдіснама негізінде жинақтала 
айтылуына да басты себеп бол-
ды. Оған дәлел ретінде 1960-1967 
жылдар аралығында жарық көрген 
қазақ әдебиеті тарихының көп том-
дығы ұлттық әдебиеттанудың әдеби 
мұраны ғылыми игерудегі алғашқы 
қадамдарынан бері қарай ұзақ дәуір-
ге созылған процесінің бір жүйеге 
тү сіп нақтыланған қорытындысы 
бо лып табылады. Олардың қазақ 
әде биеттану ғылымындағы маңызы 
мен ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де жаңа арнаға бастаудағы, ұлттық 
әдебиеттің тарихи курсын жасаудағы 
және оның орта және жоғарғы мек-
тепте жүргізілуіндегі жетекшілік 
рөлі мен мәні туралы асыра айтыл-
са да біршама пікір айтылды. Олар-
ды қайталаудың немесе «жауырды 
жаба тоқып» сол ізбен кетудің енді 
жөні жоқ. Сондықтан ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірге қосылған 
табыстары мен бүгінгі күн талабы-
мен қарағанда жетіспеушілік бо-
лып табылатын жайларында атап 
көрсету керек. Оны айтқан уақытта 
жекелеген зерттеушілердің немесе 
көп томдықты шығарушылардың 
кемшілігі деп емес, ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің ұлттық әдебиет 
тарихына байланысты қандай да 
болсын мәселені маркстік-лениндік 
мұраттар тұрғысынан қарауға мәжбүр 
болғанын көрсету мақсатына қарай 
қарастырған дұрыс болмақ. Сонда біз 
көп томдықты және 1960 жылдардан 
бергі еңбектерді сөз етуде егемендік 
алғаннан кейінгі алғашқы жырлар-
да өткендегінің бәрін мансұқтай 
бастаған жалған бағыттан да, дәл 
қазіргідей Сәкенді «ұлт сатқыны» 
деп жүрген тұрпайы көзқарастан да 
аулақ боламыз.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


353


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет