Ххі ғасырдағы филология ғылымы. Негізгі зерттеу бағыттары


Әдебиет пен философияның сабақтастығы



бет3/3
Дата09.04.2022
өлшемі23,5 Kb.
#138610
1   2   3
Байланысты:
Учебные материалы

Әдебиет пен философияның сабақтастығы:
зертттеудің қазіргі бағыттары

Ежелден әдебиет ғылымы философиямен тығыз байланыста дамып келген. Тіл туралы алғашқы дәйекті пікірді гректің әйгілі философы Аристотель айтқан. Қазіргі ғылымдар өз бастауын философиядан алса, олардың арасында әдебиет философиямен етене араласып, өз кезегінде философияның дамуына да өз ықпалын тигізген. Өйткені адамның сана-сезімі мен абстрактылы ойлау жүйесінің тілмен тікелей байланысы бар. Әдебиет пен философиямен, біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан байланысса, екіншіден, зерттелетін ортақ мәселелері жағынан жақындасып байланысады. Философия күллі ғылымдардың, соның ішінде тіл білімінің де әдіснамалық негізі болып саналады, ғылымдардың дұрыс бағытта дамуы үшін бағыт-бағдар сілтейді.


Филология ғылымы философиядан бастау алып, сан-салаға жіктеле дамып, адамзат мәдениетін зерттеуге үлес қосады. Казіргі ғылымдар өз бастауын философиядан алса, олардың арасында лингвистика философиямен етене араласып, өз кезегінде философияның дамуына да өз ықпалын тигізген. Өйткені адамның сана-сезімі мен абстрактылы ой түю жүйесінің тілмен тікелей байланысы бар. Европалық дәстүрде әдебиет философиясы өз бастауын классикалық антик дәуірінен алады, ол тіл туралы ғылым бастау алған қайнар көз болып табылады. Ғасырлар бойы (Сократтан стоиктерге және александрияшыларға дейін, Европада аристотельдік ренессанс кезеңінен латындық ортағасырға дейін) тіл таза «философиялық пайымдаудың» нысаны болды. Ойшылдардың тілге қызығушылығы тұтастай философиялық сипатта болды. Былайша айтқанда, антик дәуірінде әдебиет философиясы сол дәуірдің негізгі философиялық мәселесі – зат, ой мен сөздің арақатынасын шешу барысында туындайды. Одан әрі тіл философиясы европалық мәдениетте философия ағынында да, теология, логика, лингвистикада да дамиды. Әсіресе ХХ ғ. философия бірқатар дәстүрлі тақырыптар мен негізгі ережелерді ығыстыра отырып дамыды. Жалпы алғанда, тіл мәселесі қазіргі философияда біржарым ғасыр бұрынғы секілді жетекші рөл атқарады, философияда тілді зерттеу негізгі болып табылмайтын екіншілік сипатта болса да, бұл мәселе философия аясында жай ғана көптеген мәселелердің бірі болып қалған жоқ. Бірақ, француз философы Ж. Деррида айтқандай, бұл мәселе ешқашан соншалықты ауқымды әр түрлі ғылым салаларының зерттеу көкжиегі, гетерогенді дискурс тақырыбы, әр түрлі әрі әр жақты әдістер мен идеологиялардың саласын қамтыған емес. Қазіргі европалық философиялық ойларда әдебиет мәселесі философияда деонтологизация ағымына қарсы тұруға тырысушылықпен байланысты, сондай-ақ тілге негіз болған адам танымы мен мәдениетіне базистік негіз іздеу бағытындағы дәстүрлі философиялық мәселелерден туады. Әдеби-философиялық мәселелер қарқынды түрде ХХ ғасырда философиялық герменевтикада, оның екі нұсқасы - «онтологиялық герменевтика» (М.Хайдеггер) мен «герменевтика», немесе мәтін герменевтикасында (Х.-Г.Гадамер, П.Рикер) қарастырылады. Онтологиялық герменевтика әдебиет мен болмыстың арақатынасына баса мән беріп, болмыстың жетістіктерін оның тілде ашылуы ретінде таниды. Ал герменевтика әдебиет мен ойлаудың арақатынасын олардың болмысқа қатысымен байланыстырады. Әдебиет пен философияның байланысы туралы тақырыптың бір қыры ана тілі мен ұлттық философияның байланысына, сондай-ақ тіл мен философиядағы идиоэтникалық пен әмбебаптыққа қатысты. А.Ф.Лосевтің пікірінше, « кім грек тілін түсінсе, сол грек философиясын да түсінеді». Әдебиет пен философияның байланысы тақырыбы гуманитарлық ойдың ең күрделі мәселелерінің бірі болып қала береді. Ойшылдардың әрбір ұрпағы мәңгі сұраққа өз жауабын береді. Қандай да бір танымның бастапқы нүктесі тіл арқылы қалыптасқан әлем, жаратылыстанушы да, тарихшы да, тіпті философ та затты бастапқыда тіл қалай жеткізсе, солай таниды. (Э.Кассирер) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет