«хіх ғасырдағы Орталық Азияның картаграфиялық зерттеулері» пәні



бет1/17
Дата24.01.2023
өлшемі384,52 Kb.
#166271
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция (5) 2
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Дене дәріс тезистері (1), Хабарландыру, Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.

«ХІХ ғасырдағы Орталық Азияның картаграфиялық зерттеулері» пәні бойынша дәріс мәтіндері
Картографияның теориялық концепциялары, картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Дәріс № 1- 2. 2 сағат.
Кіріспе.
1.Картографияның теориялық концепциялары
2. Курстың дереккөздері мен тарихнамасы.
3.Картографияның пайда болу және даму тарихы.
4. Картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
5. 18-20 ғасырлардағы картография
Картография карталар туралы ғылым, яғни картаны нақтылықты бейнелеудің ерекше тәсілі ретінде қарастырып, оларды жасап шығу және пайдалану мәселелерін қарастырады. Бұл анықтама Халықаралық картографиялық ассоциациясымен бекітілген. Мемлекеттік нормативтік шығармалар бойынша картография картографиялық шығармаларды зертелуін, жасап шығаруын және оларды пайдалануын қамтитын ғылымның, техниканың және өндірістің саласы болып табылады. Картография шартты түрде үш формада болады: карта арқылы табиғат пен қоғамның құбылыстарын бейнелеу туралы ғылым; картографиялық шығармаларды жасап шығу және пайдалану технологиясы мен техниканың саласы; картографиялық өнім (карталарды, атластарды, глобустарды т.б.) шығаратын өндіріс саласы.
Басқа елдерде басқа түрдегі анықтамалар кездеседі. Мысалы, ағылышын түсіндірмесінде картография карта жасаудың өнері, ғылымы және технологиясы, сонымен қатар карталарды ғылыми құжжаттар және өнер туындылары ретінде зерттеу. Француз түсіндірмесінде «карталарды, пландарды және тағы басқа бейнелеу тәсілдерді жасап шығу мақсатында зерттеулер, ғылыми, техникалық және көркем процестер жиынтығы». Компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты картография туралы көз қарасты өзгеру барысында, оның құрамына электрондық карта жасаумен қатар сандық картографиялық ақпараттың қорын қалыптастыру мәселелерін жатқызады. Бірақ, барлық анықтамаларда картография ғылым, техника және өндіріс саласы болып табылады, кейбір анықтамаларда өнерді қосады, сонымен қатар картография карта жасаумен бірге оларды пайдалану мәселелерін қарастырады.
«Карта» деген термин орта ғасырларда, Қайта өркендеу дәуірінде пайда болды, осыған дейін оның орнынан «tabula» және «descriptionis» (бейне) деген сөздер қолданылды. Бұл термин латын тілінде «charta», яғни парақ, қағаз деген сөзден алынған, өз кезінде бұл сөз латын тіліне гректерден келген, грек тілінде хартес, яғни папирустан жасалынған қағаз. Ресейде карталар алғашқы кезде сызба деп аталған, ал Петр І кезінде «ландкарта», кейін «карта» деген терминдер пайда болды. 1881 жылы жарық көрген В. Дальдің сөздігінде карта «жердің, теңіздің, аспанның бір бөлігінің сызбасы» деген түсіндірме берілген. Бүгінгі қазақ тілінде карта деген термин қолданылады. Қазіргі таңда «карта» деген сөз көптеген тілдерде қолдануда, француз тілінде – carte, неміс – karte, итальяндық және португальдық – carta, голландық – kaart, швед – karta, даниялық – kort, түрік – harita.
1973 жылы жарық көрген картографияның техникалық терминдерінің Халықаралық Көптілді сөздігінде картаның мынадай анықтамасын берген: Жер бетінің, басқа да аспан денелерінің немесе аспан сферасының кішірейтілген, жалпыластырылған, математикалық заң бойынша жазықтықта салынған және осы беттерімен байланысты объектілердің орналасуы мен қасиеттерін шартты белгілердің көмегімен көрсететін бейнесі. Карталардың жаңа түрлері, олардың жаңа ерекшеліктері мен қасиеттері пайда болуына байланысты картографияның бұрыңғы анықтамаларына өзгеріс енгізу барысында. Бұл анықтамалардағы айырмашылық үлкен емес, тек ғана картографиялық бейнелердің белігілі бір қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ерекше көрсетеді.Бүгінгі таңда қолданылатын картографияның анықтамасы мынадай: Карта деген Жер бетнің, басқа да аспан денесенің немесе ғарыштық кеңістіктің кішірейтілген, жалпыластырған, қабылданған шартты белгілер арқылы оларда орналасқан немесе проектіленген объектілерді көрсететін бейнесі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет