«хіх ғасырдағы Орталық Азияның картаграфиялық зерттеулері» пәні



бет4/17
Дата24.01.2023
өлшемі384,52 Kb.
#166271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция (5) 2
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Дене дәріс тезистері (1), Хабарландыру, Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.
Әдебиеттер:
1.Быковский Н. М. Картография: Исторический очерк. — М.-Пг.: Гос. изд-во, 1923. — 208 с. — 5 000 экз.
2.Щукина Н. М. Как создавалась карта Центральной Азии: Работы русских исследователей XIX и начала XX в. — М.: Географгиз, 1955. — 240 с.
3.Билич Ю. С. Из истории развития политико-административных карт СССР // Труды Московского института инженеров геодезии, аэрофотосъемки и картографии / МИИГАиК. — М.: Геодезиздат, 1957. — Вып. XXVIII. — С.
4.Греков В. И. О чертеже всей России до Китайского царства и до Никанского // Известия АН СССР. 1959. Серия географическая. № 2. С. 80-
5.Фель С. Е. Картография России XVIII в. — М.: Геодезиздат, 1960. — 226 с.
6.Шибанов Ф. А. Обзор русской картографической литературы XVIII в. // Вестник ЛГУ. Геология. География. — 1958. — Вып. 3. — С. 158—163.

Дәріс 4. XVIII ғ соңы.- ХІХ ғасырдың басында Орталық Азия аумағында жүргізілген картаграфиялық зерттеулер


Жоспары:
1.XVIII ғасырдың аяғында Орталық Азияның тарихы және тарихи топонимикасы бойынша жүргізілген зерттеулер.
2. XVIII ғасырдағы картаграфиялық зерттеулердегі Қазақстан аумағы
4. ХІХ ғасырдың картографиялық зерттеулердегі өңірдің географиясы, елді мекендері туралы деректер
5.XVIII-ХІХ ғасырлардағы картографиялық материалдарының дереккөз ретінде құндылығы
XVIII-XIX ғасырлардағы карталардың революцияға дейінгі кезеңнің ең құнды ақпараттық көзі ретінде Орталық Азияның тарихы және тарихи топонимикасы бойынша ғылыми зерттеулердің өзектілігі артуда.
Бұл зерттеудің ақпарат көздерінің негізгі тобына Ресей Федерациясының Орынбор және Омбы облыстарының Мемлекеттік мұрағаттарының қорларындағы картографиялық материалдар мен кейбір құжаттар жатады. Тарихи ғылымның қолданатын методологиялық кешені жұмыстың зерттеу негізін құруға мүмкіндік береді және оның негізінде бірін-бірі толықтыратын әртүрлі әдістер жатыр. Жалпы ғылыми тану қағидалары негізгі болса, оның ішінде ең бастысы тарихилық қағида болып табылады. Тарихилық қағида тарихи құбылысты, оның дамуы, нақты-тарихи айқындылығы және даралығы тұрғысынан зерделеуді көздейді. Сондай-ақ зерттеу жүйелілік қағидасына да негізделеді, бұл авторларға мәселені тұтас дүние ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Объективтілік қағидасы тарихи құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің жан-жақтылығын көрсетеді. Аталған методологиялық қағидалардың барлығынан жеке зерттеу әдістері туындайды, мәселен, проблемалы-хронологиялық және тарихи-салыстырмалы. Проблемалы-хронологиялық әдіс ғылыми зерттеудің құрылымын айқындаса, тарихи-салыстыру әдісі зерттелетін құбылыстың мәнін ашуға мүмкіндік берді. Жер-су атауларды анықтауда картографияны қолдану талап етіледі.
Картографиялық жұмыстар Ресейдің шекара маңындағы әкімшілік орталықтарында XVIII ғасырда қарқын жүргізіле бастады. Алайда егер XVIII ғасырдың карталары Қазақстанның сипатталатын аумағы туралы жалпы ақпарат берсе, ХІХ ғасырдың картографиялық материалдары өңірдің географиясы, елді мекендері және жаңа аумақтың игерілгені туралы толық деректерді қамтиды. ХІХ ғасырдағы карталардың градустық торы бар және олардың негізінде топографиялық түсірілімнің материалдары жатыр.
XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдағы Қазақстанның көшпелі халықтарының тарихы мен тарихи географиясын зерттеу үшін ғылыми ілімдегі елеулі олқылықтардың орнын толтырған сол кездегі орыс және еуропалық ғалымдар мен саяхатшылардың Орталық Азияның жасаған географиялық карталары үлкен ғылыми-практикалық маңызға ие. Ақпараттық құндылығы мол карталардың қатарына он алты жалпы және өңірлік карта жатады. Қазақ даласының табиғи және тарихимәдени объектілерінің нақты географиялық жерін белгілеуде ресейлік және еуропалық картографияның ең ірі жетістіктерінің бірі «Сібірдің сызба кітабы» атты географиялық карталардың жинағы болып табылады, бұл еңбекті XVII–XVIII ғасырлардың тоғысында сол замандағы көрнекті сібір зерттеушісі С.У. Ремезов құрастырды (1642 –1720 кейін). 1701 жылы құрастырылған бұл еңбекте көптеген түркі тектес халықтар, оның ішінде қырғыздар, татарлар, ноғайлар және басқалары көрсетілген (Чертежная книга Сибири, 1882).
Ең ауқымды картографиялық еңбектердің қатарына XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Жоңғария, Орта Азия мен Шығыс Түркістан карталарын жатқызуға болады (картографиялық атластарының құрамына кірген С. д’Анвиль және Ж. дю’Гальд карталары, Г.Ю. Клапроттың Орталық Азия карталары); А. Дженкинсонның (1652 ж.), Э.И. Идес (1702 ж.), Н.К. Витсен (1705 ж.), Г. Делиль (1700 ж.), Ф.-И. Страленберг (1730 ж.) «Ұлы Татария» карталары; саяхатшылар И. Унковский (1724 ж.), JI.Д. Угримов (1733 ж.), К. Миллер (1743 ж.) және жоңғар билеушілеріне жіберілген басқа да орыс елшілердің Қазақ даласының маршруттық карталары мен Жоңғар хандығы жерлерінің карталары; XVIII ғасырдың екінші жартысында сібір және петербургтік әскери картографтар И.И. Красильников (1755 ж.), К.JI. Фрауендорф (1760 ж.), И. Шпрингер (1765 ж.), Зейферт (1771ж.), И.И. Исленьев (1778 ж.) және басқалардың Қазақстан мен Орталық Азияның шектес өңірлерінің карталары.
XVIII ғасырдың екінші жартысында екі қолжазба картасы әзірленді, бұл карталар ішінара Кіші және Ұлы жүздерінің, Бұқара және Хиуа хандықтарының аумақтарын қамтиды. «Қазақ даласын және Ресей бөлігін қамтитын карта» деп аталатын бірінші картаны генерал-майор Я. Боувер құрастырды. Бұл карта П. Рычковтың «Орынбор топографиясына» қоса берілген, И. Красильниковтың сызбаларына негізделген. Екінші қолжазба картасының авторы И. Лютов болып табылады. И. Лютовтың картасы XVIII ғасырдың картографиялық және әдеби материалдарына негізделеді. Боувер картасымен салыстырғанда, Лютовтың картасы географиялық объектілерді дәл бейнелейді. Алайда Боувердің картасында елді мекендер толық көрсетілген. Қазақстан аумағының негізгі картографиялық мұрасының басталуы 1797 жылы Ресей империясының әскери ведомстволарымен байланысты, нақтырақ айтқанда, императорлық Карталар депосын құру сәтінен, оның негізінде 1812 жылы Әскери-топографиялық депо пайда болды. Әскери-топографиялық депоның құрылуы Қазақстан жерін зерттеу ісіне мол үлес қосты және Ресейде әскери-топографиялық қызметті ұйымдастырудың басталуына негіз болды.
ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қазақстандағы картографиялық жұмыстар қарқынды жүргізіле бастады. Бұл ең алдымен орыс саяхатшылары мен әскери шенеуніктердің экспедициялық қызметімен байланысты. Дәлірек айтқанда, Кіші жүздің аумағында картографиялық жұмыстардың дамуына бөлек Орынбор корпусының құрылуы мол әсерін тигізді, бұл корпустың құрамында білікті әскери топографтар болды. ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарына дейін дала карталары саяхатшылардың жүрген жолдары бойынша құрылған еді. Алайда бұл картографиялық материалдар өзінің қамту көлемі бойынша дәл емес және кейде тіпті жартылай қате болатын еді. Дала кеңістігінің алғашқы түсірілімдері 1822 жылы басталды. Бұл тұрғыдан полковник Милорадовичтің түсірілім туралы деректері бар журналдары және 1823 ж. Қырғыз-қайсақ даласының әскери-топографиялық шолуы, Орталық Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінің карталары, Гавердовскийдің қырғыз-қайсақ даласының шолуы, поручик Яковлевтің Торғай даласының топографиялық сипаттамасы ерекше қызығушылықты танытады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бірнеше қолжазба карта жарық көрді: «Орынбор губерниясының картасы»; «Орталық Азия бөлігінің картасы, оның ішінде қырғыз-қайсақ, түрікмен, қарақалпақ және бұхарлықтардың жерлері», «Азиялық Ресейдің бас картасы» және т.б., соңғысын поручик Поздняков құрған еді. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының орналасуы туралы бірегей деректер мен елді мекендердің толық сипаттамасын қолжазба картасын ерекше атап өткен жөн. Бұл карта бірегей тарихи-географиялық және топографиялық дерек көзі болып табылады. Карта бұрын жарық көрмеген, қолжазба карталарға және Орынбор шекара комиссиясының мұрағатынан әртүрлі экспедициялардың есептеріне негізделген. «Қырғыз-қайсақ даласы мен Түркістан» картасында керуен жолдары, топонимдер атаулары, орыс бекіністерінің желілері толық сипатталып көрсетілген және қазақ жүздерінің арасында шекаралар жүргізілген.
XVIII-ХІХ ғасырлардың картографиялық материалдарының дереккөз ретінде құндылығы екі аспектіні қамтиды: алғашқысы – карталардың нақты мазмұнымен айқындалады, екіншісі – картографиялық құжаттар белгілі бір тарихи дәуірдің өнімі болып табылады. Дала өлкесінің әртүрлі географиялық өңірлерін қамтитын ресейлік шекаралық әскердің Сібір және Орынбор корпустарының топографтары ХІХ ғасырда жасаған ұсақ және ірі ауқымды карталарының кешені «Россия. Географическое описание Российской Империи по губерниям и областям с географическими картами» (Россия. Географическое описание…, 1913) және «Подробный атлас Российской Империи с планами главных городов» секілді ірі басылымдарда жарық көрген. Атап өткен жөн, Ресейдегі алғашқы жеке картографиялық мекеменің пайда болуы және дамуы картограф А. Ильиннің (1832–1889) есімімен байланысты. Ондағы шығатын басылымдардың түрлері өте көп болды: атластар, қалалардың жоспарлары, глобустар, оқу әдебиеті, ресейлік императорлардың коронациялық альбомдары және т.б. «Подробный атлас Российской империи с планами главных городов» атласы губерния орталықтарының жоспарымен ресейлік губерниялардың, өңірлер мен облыстардың географиялық карталарын қамтиды. Одан басқа, онда Қазақстан өңірлерінің бірнеше салмақты, мазмұнды карталары берілген (этнографиялық, әкімшілік және т.б.). Атласта сол кездегі Далалық өлкенің ең толық және дәл нұсқадағы карталары болған. Бұл Атлас осындай үлгідегі жалғыз ірі басылым еді. Қазақстанның тарихи топонимикасын зерттеу үшін белгілі бір ғылыми-практикалық қызығушылықты ХІХ ғасырдың салалық карталарынан көруге болады, олардың арасында географиялық және геологиялық карталарға ерекше назар аудару қажет. Мәселен, тау инженері Г.Д. Романовскийдің 1820 жылдан 1893 жылға дейінгі Дала өлкесі туралы жаратылыстану-тарихи деректер бойынша Батыс Сібірдегі қырғыз даласының шығыс бөлігінің географиялық шолу картасы дәлел. Сондайақ, ХІХ ғасырдың соңында А. Сидельников Қазақстан аумағының толық географиялық карталарын жасаған. Қырғыз жайылымдарын тексеру бойынша экспедицияның қатысушылары уездердің шекараларын, жайылым алқаптарының барлық түрлерін көрсетіп «Киргизского землепользования и пастбищных районов» атты картасын құрды. Мәселен, Ақмола уезінде аға топограф Славецкий Ақмола уезінің қазақ жер пайдалануы бойынша картасын жасады. Алайда ерте кездегі межелердің картографиялық жұмыстарының сапасы нашар болды. ХІХ ғасырдың басында Межелік департаменті бұл материалдарды бас межелеу процесінде пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін оларды тексерген кезде белгілі болды. 1806 жылы Сенат «Жерлерді межелеу тәртібі және межелік істердің өндірісі туралы» қосымша нұсқаулығын әзірлеп, бекітті. Бұл материалдарды карталардың көздері ретінде пайдалану мен бас межелеу түсірілімінің тәжірибесі негіздеме болып қызмет етті. Аталған құжаттың бас мақсаты түсірілім және карта құру жұмыстарын жетілдіру болды. Нұсқаулыққа сәйкес межелік карталар барынша дәлдікпен иеліктегі жердің шекараларына, табиғи контур мен объектілерге ерекше назар аударуға тиіс еді. ХІХ ғасырдың басындағы межелік нұсқаулықта түсірілім, карта құру әдістемелерін біріздендіру идеялары мен межелік карталар, атластарды рәсімдеу тәртібі өз дамуын алды. Картографиялық материалдар елді мекендердің алфавиттік тізімдерімен қатар жасалды. Сондайақ нұсқаулықта деректерді жинау әдістері де көрсетілді, межелік жұмыстарды географиялық, экономикалық-статистикалық деректерді жинаудан бастау қажеттілігі айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет