Хіх-хх ғасырдағы дін ғұламалары. Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары



Дата26.05.2023
өлшемі298,38 Kb.
#177785
Байланысты:
ХІХ-ХХ ғасырдағы дін ғұламалары

ХІХ-ХХ ғасырдағы дін ғұламалары. Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары

Орындағандар: Жумашов Аян, Иғыйса Дастан, Иғыйса Думан

ХІХ-ХХ ғасырдағы дін ғұламалары

Дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуына үлкен әсер етеді. Өйткені, дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайды. Мұндайда қылмыстар мен күнәлі істер азаяды. Діннің әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына, адамгершілік пен әділдіктің жоғалуына әкеледі. Қоғамда тәртіп бұзылады, оны жөнге келтіру өте қиын. Тәртіп адамның жүріс-тұрысын, іс-әрекетін реттесе, дін адамның ішкі жан дүниесін реттейді. Осылайша қоғамда тепе-теңдік орнайды

Абайдың діни мұралары

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын. Абай шығармасы – мұсылман дінінің көкейкесті, зәру мәселелеріне арналған құнды туынды. Оның ислам дінінің негіздері, оларды түсіндіруі, насихаттау жөніндегі жиған тергендері өзара тығыз байланысқан сан-салалы тақырыптарды қамтиды. Абайдан қалған мол рухани мұраны өлеңдері мен аоэмалары, аудармалары және ақынның өзіне ғана тән өзгеше жанрда жазылған қарасөздері құрайды.

Шәкәрімнің діни мұралары

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, дін білгірі, тарихшы, философ. Оның қазақ халқының рухани азығына айналған шығармаларының көбі ХХ ғасырдың басында жарық көрді. 1911 жылы Орынборда Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» еңбегі басылып шықты. Шәкәрім бұл еңбегінде ислам дінінің басты қағидаларын, иман ғибадаттарын қазақ тілінде қарапайым халыққа түсінікті қылып жазып шығуды мақсат етеді. Онда ол ең әуелі иман шарттарына тоқтаған. Алла тағаланың барлығына, бірлігіне ақылмен ойлап иман келтіруге ерекше мән береді. Құраннан, ғұламалардың пікірлерінен мысал келтіре отырып, адам кәлиманы айтқанымен, мағынасын түсінбесе, иманға есеп емес екенін ескертеді.

Басты мақсатымыз — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу және дұрыс діни бағдар берудің маңыздылығы турасында салиқалы ой, салмақты пікірлерімен бөлісу. Ұлт пен дін тұтастығын сақтау мұсылман елдерінің іргесін бекітіп, нығайта түсетіні бірден — бір фактор екендігі күмән жоқ. Тәуелсіздігі тұғырлы, экономикасы қалыпты, дінаралық келісім орныққан Қазақ елі қоғамының тыныштығын сақтауды басты ұстаным екендігі айқын.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет