Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


) Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың рөлі қандай?



бет47/64
Дата11.05.2022
өлшемі121,62 Kb.
#142442
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
УМК коммуникация

8) Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың рөлі қандай?
Қол алысу, сәлемдесу мен қоштасудың белгісі ретінде, өзіндік мәдени ерекшеліктерге ие. Қол алысудың бірнеше түрлері бар және оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар:
• алақанды сәлемдесушінің алақанына тосып жоғары қарату – бұл бағынудың, басқаның өзінен басым екенін іштей мойындаудың белгісі;
• алақанның сәлемдесушінің алақанына төмен қарауы, керісінше үстемдік танытуға, жағдайды өз қолына алуға деген ұмтылысты білдіреді;
• қолдың тігінен орналасуы, қолдап амандасу, теңдіктің белгісі.
• «қолғап» деп аталатын қол алысу (қолдап амандасу) ашықтықтың, достықтың, сенім білдіруге деген ниеттің белгісі.
Жоғарыда аталған сәлемдесу түрлерін пайдаланудың түрлі мәдени ерекшеліктері бар. Мәселен, қытайлықтар қол алыспауға тырысады. Керісінше, батыс европалықтар мен американдықтар қаттырақ, ашық қол алысқанды қалайды. Сонымен қатар, сәлемдесу кезінде олар бір-бірінің қолын бірнеше қайта сілкілеп алады.
9) Кеңістіктегі қашықтықты ұстануына қарай пациенттің мәдени ерекшелігін ескерген жөн бе?
Иә, пациенттің кеңістігіне тым жақын ену, оған қауіпті сездіретіні анықталған. Мұндай сәтте адам ағзасы өзін-өзі қорғауға дайындалады, яғни ағзада стресс гормондары бөліне бастайды. Коммуникация барысындағы ең дұрыс, оңтайлы аймақ мәдени ортаға байланысты таңдалуы қажет. Мұндай мәдени ерекшеліктерді білмей, оңтайлы аймақты ұстанбау, сөйлесушілердің бір-бірін түсінбей, іштей өздерін жайсыз сезінулеріне әкеледі. Мәселен ағылшындар арабтармен коммуникация барысында біршама қашықтық ұстануға тырысады. Соңында, араб ағылшын іс-әрекетінен «салқындық» сезінсе, ал ағылшын арабты мазасыз деп қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет