Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


) Мәдениет аралық контактіде қандай сөздік емес сигналдарды ескеру қажет?



бет45/64
Дата11.05.2022
өлшемі121,62 Kb.
#142442
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
УМК коммуникация

6) Мәдениет аралық контактіде қандай сөздік емес сигналдарды ескеру қажет?
Сөздік емес коммуникация, адамдар қарым-қатынасының біршама ежелгі формасы болып табылады. Сөздік емес тәсілдердің арасында біршама артықшылығы бар екенін айтып өтелік. Оларға: эмоционалды көркемдік, оларды тікелей қабылдау мүмкіндігі. Кейбір сөздік емес коммуникацияның нормалары индивидтің белгілі-бір ортаға деген әлеуметтенуі барысында қалыптасады. Бір ғана жест немесе ым-ишара түрлі мәдени ортада, әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Мәселен, қолды ары-бері сермеу орыс мәдениетінде сәлемдесуді білдірсе, Солтүстік Америкада бұл қоштасудың белгісі, ал Орталық Америкада немесе Африкада мұндай ишара арқылы көлік тоқтатып немесе біреуді өзіңе шақырып аласың. Ишараның әңгімені бастау немесе аяқтауды білдіретін рөлі кеңінен танымал.
Америка мәдениетінде, әңгіменің тақырыбын өзгерту кезінде және әңгімеге қосылғысы немесе оны аяқтағысы келсе, жестерді қолданады:

  • алға еңкею;

  • көзге қарамау;

  • дененің қалпын өзгерту;

  • басты жиі-жиі изеу;

  • еденді екі аяқпен тең басу;

Сөздік емес мәдениет аралық қарым-қатынаста окулистика маңызды орын алады. Окулистика дегеніміз коммуникативтік барысында көзбен контакт жасау, көзді қозғалту. Шығыс мәдениетіне қарағанда Батыс мәдениетінде көзге тіке қарау коммуникация кезінде маңызды болып есептелінеді. Егер, әңгіме барысында адам өзінің сұхбаттасушысына қарамаса, онда оны шынайы емес, сенім білдіруге болмайтын адам деп қабылдайды. АҚШ – та визуалды контакт адамдар арасындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі. Дегенмен, сөздік емес тәсілердің аймақтық ерекшеліктері де бар, ағылшындар сөйлеушіге бір нүктені белгілеп алып қарайды. Солтүстік американдықтар сөйлеушінің бір көзінен екінші көзіне ауысып, тіпті басқа жаққа қарап кетуі де мүмкін. Кейбір Азия мәдениетінде, әйелдердің ер адам көзіне, әсіресе бөтен таныс емес еркектерге қарауына тыйым салынады. Арабтар тіке көзге қарауды жөн көрсе, жапондықтар адамның көзіне емес тамағына (мойнына) қарайды екен. Түрік халқы құрмет көрсету кезінде көзін төмен салады. Ал камбоджиялықтар басқа адамның көзқарасын оның ішкі әлеміне, жан дүниесіне қол сұғу, намысқа тию деп қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет