Окушы мынаны білу керек
1. Химиялық элемент және жай зат ретіндегі сутегінің жалпы сипаттамасы;
2. Зертханада және өнеркәсіпте сутегін алудың негізгі тәсілдері;
3. Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттері;
4. Сутегін қолдану салалары;
5. Авогадро заңының тұжырымы және оның нәтижелері.
Оқушының қабілеті
1. Периодтық жүйеде элемент жағдайы бойынша сутегіне сипаттама беру.
2. Сутегінің физикалық қасиеттерін айтып беру.
3. Зертханада сутегін алу және оны жинау.
4. Сутегінің оттегімен, галогендермен, металдармен, металдардың оксидтерімен химиялық реакциясының теңдеулерін құру.
5. Шамаларды (молярлық көлем (Vм), газдардың салыстырмалы тығыздығы (Д), жылулық әсер реакциясы (Q) қолданудың және Авогадро заңының негізінде есеп шығару.
Бұдан кейін мұғалім оқушыларға сутегі туралы не білетінін еске түсіруді ұсынады. Жауаптарымен қатар оқушылар дәптерлеріне, ал мұғалім тақтаға ББКҮ (ББКҮ-білемін, білгім келеді, үйрендім кестесін толтырады).
3-кесте – ББКҮ (ББКҮ-білемін, білгім келеді, үйрендім)
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
........
|
..........
|
........
|
Кестені толтыру барысында оқу мақсаты жүзеге асады. Әуелі "Білемін" (3 кесте) бағаны толтырылады, оқушылар "химиялық элементті сипаттау естелігінің" көмегімен сутегі туралы мәліметтерді еске түсіреді. Мұғалім бәрін тақтаға, оқушылар дәптерге қатесі болса да түзетпей жазады, содан кейін "Білгім келеді" бағаны толтырады. Сутегі туралы белгілі түсінігі бар оқушылар ол туралы қысқаша әңгіме құрай алады. Мұнда оларға мұғалім тақтада жазған кілтті сөздер: сутегі, күн, газ, жер, қосылыстар, белсенділік, қалпына келтіруші, жеңіл, жай зат, тотықтырғыш, бейметалл, отын, молекула, атом, кышқыл, судың электролизі, әлем көмектеседі. Оқушылар сутегі туралы дәптерге әңгіме жазады. Бірнеше әңгімені балалар оқиды, оқушылар тыңдайды, толықтырады, мүмкін кейбір жерінде өзінің ойын айтады, келіспеуі мүмкін.
Сабақтың екінші кезеңі – ұғыну
ББКҮ кестесін қолдана отыра мұғалім оқушылар мен бірге, оқушылар қоятын сұраққа жауап беруге көмектесетін кластер жобаны құрайды. Мұғалім тақтада, ал оқушылар дәптерлеріне толтырады. Толтырылған жоба мынадай.
15- сурет – «Сутегі» тақырыбына құрылған жоба (кластер)
Сабақтың үшінші кезеңі — ойлану
Мұғалім оқушыларға білім деңгейінің қаншалықты сәйкес келетіндігін тексеру үшін «Сутегі» мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, қарындашпен дәптердің шетіне шартты белгілерді қояды (белгілер тақтада көрсетілген): V (мен дұрыс жаздым, дәл солай ойладым); - (мен қате жаздым, менің пікірім дұрыс емес); + (бұл қызық, мен үшін жаңалық); ? (бұл түсініксіз немесе осы жөнінде көбірек білгім келеді).
Бұдан кейін олар таңбаланған кестенің әр бағанына өздері ең маңызды деген 3-4 бөлімді кіргізіп толтырады да нәтижелерін екеулеп талқылайды. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың құрған кестелерін талқылауды ұйымдастырады.
4-кесте – Талқылау
V
|
+
|
-
|
?
|
....
|
....
|
....
|
....
|
Сабақтың қорытыңдысын жасай отыра мүғалім ББКҮ кестесіне, әңгімелерге оқушылардың қайта көңіл аударуларын және бәрі де дұрыс жазылғанын тексеруін сұрайды. Оқушылар кестені талдайды және қате жазылғандарын тексеріп үйде сутегі туралы әңгімені түзетіп жаңа мәліметтермен толықтырады.
1 - о.э., 2 - о.э. Сутегінің қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Мақсаты: Сутегінің физикалық, химиялық қасиеттерін білу, зертхана мен өнеркәсіпте оны алу тәсілдері, сутегінің қолдануы.
Бұл сабақта оқушылар оқулық бойынша (69-71 бет) және «Барлық химия 50 кестеде» деген жинақ бойынша сонымен қатар алдыңғы сабақта толтырылған кесте кластерді қолдана отырып өздігінен жұмыс істейді. Нәтижесінде «Сутегінің химиялық касиеттері», «Сутегінің физикалық қасиеттері», «Сутегін алу және қолдану» тақырыптары бойынша «Өрмекші» схемасы құрастырылады.
Сабақтың соңында оқушылар құрастырған схемаларын талқылап толықтырады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады.
3 - о.э. Зертханалық жұмыс «Сутегі және оның қасиеттері. Металдардың белсеңділігі»
Мақсаты: Зертханалық жұмыс құралдарымен тікелей жұмыс істеу қабілеттерін жалғастыру.
Сутегін алу реакциясын жүргізу және мыс (ІІ) оксидін сутегімен қалпына келтіру, қышқылмен реакциясында 4 металдың белсенділігін салыстыру, приборды дәптерге салу, тәжірибенің қорытындысы мен бақылауларды жазу.
Реактивтер: мырыш түйіршіктері, мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы, қорғасын, темір, қорғасын, мыс, тұз қышқылы (1:1).
Жабдықтар: Сутегін алатын құрал (газ жіберетін түтігі бар тығын және пробирка, штатив, 4 пробирка), сіреңке, қыздырғыш құрал. Жұмыс нұсқау картасы бойынша жүргізіледі.
Нұсқау қартасы
Сіздердің алдарыңызда мырышпен тұз қышқылының көмегі арқылы жанатын газ – «сутекті» алуды үйрену мақсаты тұр. Бір кезде осы реакция арқылы шақпақтың құрылысы ұсынылған болатын. Шақпақты қазір басқаша жасайды ал сутегін қыздыру арқылы кейбір металдарды олардың оксидтерінен алады. Осы әдіспен мысты аласыздар. Сутегімен жұмыс істегенде абай болу керек, себебі ауамен араласқанда сутегі жарылуы мүмкін:
1) тұз қышқылына мырышпен әрекет жасау арқылы сутегін алу. Сутегімен мыс (ІІ) оксидін қалпына келтіру.
Мырыштың түйіршіктері бар пробиркаға тұз қышқьшының 1/4 бөлігін құйыңыз. Жарты минуттан кейін сутегінің тазалығын тексеріңіз. Егер сутегі оттанып жай жанса ол таза. Таза сутегінің бөлінгеніне көзі жеткен соң, түтүктің ұшын мыс (ІІ) оксиді бар пробиркаға жіберу керек. Мыс (ІІ) оксидін жанғыш спирттің жалынында қыздырыңыз. Мыстың қалыпқа келтірілген қызыл ұнтағының түзілуіне көңіл аударыңыздар.Дәптерлеріңізге реакция теңдеулерін жазып, құралдың сүретін салыңыз;
16-сурет – Сутекті алу және сутегімен мыс (ІІ) оксидін қалпына келтіруге арналған құрал
2) қышқылға байланысты металдардың белсенділігін салыстыру. Қышқылдан сутегін мырыш қана емес, басқа да металдар, ығыстырып шығаралады. Қышқылмен әртүрлі металдардың реакциядағы жылдамдылығы әртүрлі. Көптеген тәжірибелердің негізінде металдардың белсенділігінің тізімі құрастырылды. Осы тізімде металдар белсенділігінің кемуі бойынша орналасқан, сутегінің оң жағында орналасқан металдар, оны қышқылдан ығыстыра алмайды. 4 пробиркаға бір-бір түіыр мырыш, темір, мыс және қорғасын салыңыздар. Әр пробиркаға 1 мл. тұз қышқылын құйыңыз. Әр пробиркадағы сутектің түзілуінің жылдамдығын бақылаңыз. Бақылағандарыңызды кестеге енгізіңіз ( кесте №5 ). Дәптерлеріңізге реакция теңдеулерін жазыңыз. Металдардың белсенділік қатарының тізімін дәптерге жазып, өзіңіз бақылаған кестедегі мәліметтермен салыстырыңыз.
Лаборанттың нұсқасы бойынша, жұмыс орнын жинау.
5-кесте – Қышқылға байланысты металдардың белсенділігін салыстыру
Метал
|
Химиялық таңбасы
|
Қышқылмен әрекеттесу жылдамдығы
|
Салыстіру белсенділігі
|
Мырыш
|
Zn
|
Жылдам
|
1
|
Темір
|
Fe
|
Баяу
|
2
|
Қорғасын
|
Pb
|
Өте баяу
|
3
|
Мыс
|
Cu
|
Әрекеттеспейді
|
4
|
Достарыңызбен бөлісу: |