Химия және химиялық технология факультеті


Органикалық қосылыстардың классификациясы



бет11/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org

4. Органикалық қосылыстардың классификациясы.
Органикалық қосылыстарды 3 белгісі бойынша кластарға бөледі:
  1. молекула қаңқасының түрі


  2. еселік байланыстардың бар-жоғы


  3. функционалдық топтардың бар-жоғы


Органикалық химияда, әдетте, қосылыстарды 3 негізгі топқа бөледі:


  1. Ациклды алифатикалық қосылыстар, яғни көміртегі атомдары тұйықталмаған тізбек құрайды.


  2. Карбоциклды қышқылдар, молекула құрамында тек көміртегі атомдарынан құралған циклдар (тұйық тізбектер) немесе сақиналар бар қосылыстар. Бұлардың өзі а) алициклды - циклогексан С6Н12; б) ароматты - С6Н6 болып бөлінеді.




  1. Гетероциклды қосылыстар, бұларға цикл құрамында көміртектен басқа элементтер O, S, N т.б.



фурол пиридин




Атомдар мен молекулалардың электрондық құрылысы
Жоспары:
  1. Көміртек атомының электрондық құрылысы, валенттік электрондары.


  2. Электрон орбитальдары. Орбитальдардың гибридтенуі.


  3. Химиялық байланыс.


  4. - және  - байланыстар. Қос және үш байланыстар.


1. Бәріңізге белгілі атомдар оң зарядты ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады. Периодтық таблица мен атом құрылысы тығыз байланысты. Көміртегі атомына тоқталайық




6С 1 s2 2 s2 2 p2
Гунд ережесі бойынша бірінші электрондар жалқы орналасады
Валенттілік – атомның басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Элементтердің құрылыс тұрғысынан валенттік атомның сыртқы электрондық қабатындағы электрондар санымен анықталады. Осы жерде айтып кету керек, валенттілік жалқы электрондар санымен анықталады.
С – қалыпты күйде екі жалқы электроны бар. Демек ол екі валентті болуы тиіс.
Химиялық байланыс түзген кезде, белгілі бір энергия жұмсалып, С атомы қозған күйге көшеді. Нәтижесінде 2 s – электронының бірі бос 2 p деңгейшесіне ауысады:

Сонымен қозған күйде көміртегінде 4 жалқы, 1- 2s және 3- 2 p электрондар пайда болады. Көміртегінің органикалық қосылыстарда 4 валенттілік көрсетуін осылайша түсіндіруге болады. 2s  2p 161,5 ккал/моль. Бұл энергия химиялық байланыстың есебінен алынады. С-Н  98,5 ккал/моль, 2С-Н  197 ккал/моль. Демек қозу энергиясына жеткілікті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет