СУДЫҢ ДИССОЦИАЦИЯСЫ. СУТЕКТІК ЖӘНЕ ГИДРОКСИДТІК КӨРСЕТКІШТЕР
Анализге қолданылатын көптеген реакциялар суда жүреді. Су әлсіз электролит, аздап диссоциацияға түседі: Н2О H+ + ОН-, 25 0С 1л суда 10-7 моль/л; [H+]=[ОH-]=10-7 моль/л болады. К=[H+][ОH-]/[H2О]=1,810-16 не К[H2О]= [H+][ОH-]
К[H2О]= Кw - судың иондық көбейтіндісі.
Ксу =10-14 ; [H+][ОH-] =10-14 ; 10-7 ∙10-7 =10-14
1л суда 1000/18=55,56 моль су бар, одан [H+][ОH-] =1,810-1855,56=10-14, бұл мән температураға байланысты өзгереді.
[H+][ОH-] көбейтіндісі тұрақты шама болғандықтан, кез келген ерітіндіде сутегі мен гидроксид иондарының әрқайсысының концентрациясы нөлге тең болмайды.
[H+]= [ОH-]=10-14 = 10-7, бұл теңдеуден (220С –да) 1л суда 10-7моль сутегі иондары, 10-7 моль гидроксид иондары болатындығын көру қиын емес.
Осындай дәреже көрсеткіші теріс болып келетін сандарды қолданып есептер шығару қолайсыз болғандықтан, сутегі иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш (рН) арқылы белгілеу қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |