ӘЛСІЗ ҚЫШҚЫЛ МЕН ӘЛСІЗ НЕГІЗДІҢ ЕРІТІНДІЛЕРІНІҢ рН-ын ЕСЕПТЕУ
Әлсіз қышқылдардың диссоциациясын мына теңдеу арқылы көрсетуге болады: НАn Н++Аn- КНАn =[Н+][ Аn-]/[НАn] (4), 5% [Н+] = [Аn-]. Әлсіз қышқыл аз мөлшерде ғана диссоциацияға ұшырайтындықтан
[НАn] ерітіндідегі қышқылдың жалпы концентрациясына тең болады:
[НАn] =Сқышқыл = СНАn ; К НАn[НАn] =[Н+][Аn-] олай болса,
[Н+]= КНАn СНАn (5). Бұл теңдеуді логарифмдеп және белгілерді кері өзгертіп, мына теңдеуді алады:
- lg[Н+] = -1/2lgКНАn -1/2lgС НАn,
рН=1/2р К НАn -1/2 lg С НАn (6)
рОН=14-рН =14-1/2рК НАn +1/2 lgС НАn (7)
Әлсіз негіз ерітіндісінің рН-ыда осылай есептелінеді:
Кt++ОН-Кt + + OH- ККtОН = [Кt +][OH- ]/[КtОН]
[Кt+]=[OH-] = ККtОН[КtОН]. Әлсіз негіз ерітіндіcі де аз диссоциацияланатындықтан [КtОН] = СКtОН. Олай болса, [OH-]= ККtОН СКtОН (7а); - lg[ОН] = -1/2 lgККtОН -1/2lgСКtОН;
рОН=1/2рККtОН -1/2lgС КtОН (8);
рН=14-рОН =14-1/2рККtОН +1/2lgСКtОН (9).
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Тепе-теңдік константасы деген не және оның физикалық мәні.
Диссоциация константасы және дәрежесі нені көрсетеді және олардың мәндері туралы не айтуға болады?
Сутектік және гидроксидтік көрсеткіш деген не және олардың физикалық мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |