БУФЕР ЕРІТІНДІЛЕР
Көптеген реакцияларды керек бағытта жүргізу үшін белгілі орта керек, яғни ерітіндінің рН-ы өзгерсе, реакция бағыты да өзгеріп, басқа өнімдер пайда болуы мүмкін. Сондықтан реакцияны тек керек бағытта жүргізу үшін белгілі рН жасау керек. Белгілі рН ұстау үшін ерітіндіге буфер ерітінділерін қосу керек. Буфер ерітінділер дегеніміз – тұрақты Н+ концентрациясы бар ерітінділер, оның концентрациясы заттың аз мөлшерін құйғаннан, не сұйытылғаннан, не концентрленгеннен өзгермейді. Буфер ерітінділер әлсіз қышқыл мен оның тұзынан (СН3СООН+СН3СООNa), әлсіз негіз және оның тұзынан (NH4OH + NH4Cl) тұратын ерітінділер.
Әлсіз қышқыл мен тұзынан тұратын буфер ерітіндісінің рН –ын есептеуді қарайық: СН3СООНСН3СОО- + Н+; К=[СН3СОО- ][Н+]/[СН3СООН]
[Н+] = К СН3СООH [СН3СООН]/[СН3СОО-], сірке қышқылы ерітіндіде аз ғана диссоциацияланатындықтан [СН3СООН]= Сқышқыл –жалпы концентрациясына тең.
Ал тұз СН3СООNa СН3СОО- + Na+ толық диссоциацияланады, сондықтан ерітіндідегі СН3СОО- тұздан пайда болады. Тұздың әр молекуласынан СН3СОО- ионының біреуі пайда болатындықтан:
[СН3СОО- ] = Стұз .
Олай болса, [Н+] = КСН3СООH∙Сқышқыл/Стұз (10а) оны логарифмдеп, белгілерді өзгертсек – lg[Н+] = - lgКСН3СООH – lgС қышқыл/Стұз, не
Достарыңызбен бөлісу: |