Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет121/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Титрлеуге қажет индикаторлар қалай таңдалады?

    2. Титрлеу қисығын не үшін құрады?

    3. Әлсіз қышқылды (НСN) күшті негізбен (KOH) титрлеу қисығын сызыңдар.

    4. Әлсіз негізді (NH4OH) күшті қышқылмен титрлеу қисығын құрыңдар.

    5. Көп негізді қышқылдарды титрлеу қисығын құрыңдар.



Дәріс 20. ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ИНДИКАТОРЛАР

Қышқыл-негіздік индикаторлар - әлсіз органикалық қышқылдар не негіздер. Олардың иондары мен молекулалары әр түрлі түсті болады (боялады).


Егер қышқыл индикаторды HInd деп, негіз индикаторды IndOH деп белгілесе: HInd,қызыл ↔ H+ + Ind-,көк - лакмус NaOH қосса, қызыл түс→ көкке ауысады, себебі Н+ - ионы ОН- қосылып (NaOH молекуласынан) су түзіледі де тепе-теңдік ығысады. HCl қосса, көк түс→ қызылға ауысады, НСІ-дың Н+ - ионы Ind- - ионымен қосылып, тепе-теңдік солға ығысады, лакмустің судағы ерітіндісі күлгін түсті (қызыл+көк).
Егер индикатордың ионы да, молекуласы да боялатын болса, ондай индикаторларды екі түсті деп атайды, егер не молекуласы, не ионы ғана боялатын болса, ондай индикаторлар бір түсті деп аталады.
Сонымен, индикаторлардың молекуласы мен иондарының әр түсті болғандығы, олардың түсінің ерітіндінің рН-на байланысты өзгеретіндігін түсіндіреді.
Сонымен, қышқылдық индикатор үшін HInd ↔ H+ + Ind-, негіздік индикатор үшін IndOH  Ind+ + OH- тепе-тендіктерін жазуға болады. Бұл тепе-теңдіктер үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданса,
Кдисс =[ H+][ Ind-]/[HInd], Кдисс =[Ind+][OH- ]/[IndOH- ].
Қышқылдық индикаторлардың молекулалары қышқыл ортада, ал сілтілік ортада ион күйінде Ind- жүретіндіктен [Ind-] – сілтілік түрі (Сс.т), [HInd] – қышқылдық түрі (Сқ.т) деп белгілесе: Кдисс =[ H+] Сс.т қ.т, одан [H+]= Кд∙Сқс.т. рН = рК - lgСқ.тс.т; рК = - lgК – индикатор көрсеткіші.
Әр индикатор үшін рК – тұрақты шама, тек температураға байланысты ғана өзгереді. Олай болса, ерітіндінің рН-ның өзгерісі Сқ.тс.т қатынасы өзгеруіне әкеледі, яғни индикатор түсі өзгереді, себебі оның молекуласы мен ионының түсі әр түрлі. Адамның көзі индикатордың түсінің өзгергенін Сқ.т мен Сс.т екеуінің концентрациялары бір-бірінен тек он есеге айырмашылығы болса ғана, ажырата алады.
рН1 = рК- lg10/1 = рК-1; рН2 = рК- lg1/10 = рК+1
Сонымен, индикатор түсі кез-келген ерітіндінің рН-ның өзгерісіне байланысты өзгермейді, тек индикатордың өзгеру интервалында ғана түсін өзгертеді, яғни мынандай формула қолданылады рН = рК1 .
Мысалы, фенолфталеиннің Кдисс =10-9 , яғни рК=9. Олай болса, оның түсі рН = 9+1 не рН = 9 – 1, яғни 8-10-да арасында, яғни рН = 8-10-да өзгереді. Практикада индикатордың көрсеткіші деген түсінік қолданылады. Ол индикатор түсі өзгеретін интервал ортасына сәйкес келеді, мысалы ол фенолфталеин үшін рТ = 9. Неге индикаторлардың молекуласы және ионы әр түрлі түске боялады? Оған индикаторлардың хромофорлық теориясы жауап береді. Бұл теория бойынша органикалық қосылыстар, яғни индикаторлардың түсінің өзгеруі – олардың молекуласының құрылысына байланысты, яғни олардың молекулаларында хромофорлар деген ерекше атомдық топтар болады, солардың молекула ішінде құрылыстарының өзгертуіне байланысты индикатор түсі де өзгереді. Мысалы, метилоранж (м.о.) формуласы: (СН3)2 N - N=N- SO3- (Ind-) +H2O, pH>7 сары; (СН3)2 N+ = N-NH-SO3- (HInd ) +OH-, pH<7 қызыл.
Титриметриялық әдістің нәтижесінің дұрыс болуы индикаторды дұрыс таңдағанға көп байланысты. Ол үшін:
1. индикатордың рТ-сы эквивалент нүкте болатын рН-тың мәніне жақын болуы керек;
2. индикатордың түсі өзгеретін интервал шамасы титрлеу шегіне өте жақын болуы керек не соның мәніне кіруі керек;
3. индикаторлардың өздеріде қышқыл не негіз болғандықтан қышқыл-негіздік титрлеу кезінде оның көп мөлшерін алуға болмайды, себебі титранттың артық мөлшері жұмсалуы мүмкін, сондықтан 1-2 тамшы ғана тамызу керек және параллель жүргізілген тәжірибелерде әрқашан индикатордың бірдей мөлшерін алу керек;
4. индикатор концентрациясы да оның түсіне әсер етеді.
Егер осы талаптар орындалмаса, анализ нәтижесінде қате кетуі мүмкін, ондай қателерді индикаторлық қате деп атайды. Оны анықтау үшін мынандай формулар қолданылады:
∆Н+ =10-рТV2/CнV1100% - титрлеудің сутектік қатесі, егер күшті қышқыл аяғына дейін титрленбесе, не әлсіз не күшті негіздерді күшті қышқылмен артық титрлесе.
∆ОН- =10-(14- рТ) V2 /Cн∙V1100% - титрлеудің гидроксильдік қатесе, егер күшті негіз аяғына дейін титрленбесе не күшті не әлсіз қышқыл күшті негізбен артық титрленсе.
НА =10рК – рТ/1+10рК – рТ100% -қышқылдық қате, егер әлсіз қышқыл НА молекуласы аяғына дейін титрленбесе.
МОН = 10рК + рТ-14/1+10рК + рТ-14100% -сілтілік қате, егер әлсіз негіз МОН молекуласы аяғына дейін титрленбесе.
V1 – титрлеуге алынған анализге түсетін заттың көлемі,мл;
V2 –титрлеудің аяғындағы ерітінді көлемі,мл;
Сн – анализге түсетін заттың нормальды концентрациясы;
рК – әлсіз электролиттің диссоциация константасы;
рТ – индикатор көрсеткіші. Мысалы:
1. 0,1н құмырсқа қышқылын 0,1н NaOH титрлегенде м.о. индикаторын қолданған. Оның рТ=4 болса, рН = 8,22 эквивалент нүктеде (э.н.), олай болса, титрлеу рН=4-те бітеді, сондықтан титрленбеген НСООН ерітіндіде қалады. Сонда қышқылдық қате ∆НА =103,75-4 /1+103,75-4 100=64% , рК = 3,75.
2. Ал егер индикатор ретінде фенолфталеин қолданылса, рТ=9, онда э.н. үшін рН=8,22 болғандықтан әлсіз қышқыл аяғына дейін титрленбеді, олай болса,
гидроксильдік қате кетеді, ол 0,022% болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет