Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Мысал 3. Егер электрон қозғалысының жылдамдығын анықтағанда қателігі 1 см/с болса, оның орнының белгісіздігі неге тең? Шешуі



бет15/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Мысал 3. Егер электрон қозғалысының жылдамдығын анықтағанда қателігі 1 см/с болса, оның орнының белгісіздігі неге тең? Шешуі: m(электронның массасы) = 9,1110-31 кг; h = 6.6210-34 Джс ; рх  h, x = h/px = h/mv, x = 6.6210-34 Джс / 9,1110-31кг 10-2мс-1 = 7,3см.
Мысал 4. 50 г теннис добы 25м/с жылдамдықпен ұшса, толқын ұзындығы қанша болады? Шешуі:  = 6,6210-34 / 0,050 25 = 1,32410-32 м.


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1. 5,6л-лік ыдыста 0С температурада мына заттардың қоспасы болған:


2,2 г көмір қышқыл газы, 4г оттегі, 1,2г метан. Есептеу керек: а) газ қоспасының жалпы қысымын; б) әр газдың парциалды қысымын; в) көлем бойынша қоспадағы проценттік құрамын.
Жауабы 101,3 кПа; б) 20,2; 50,5 және 30,3кПа; в) 20,50,30 %.
2. 56 л-лік ыдыста газдар қоспасы бар: 4моль СН4, 3моль Н2, 0,5моль СО. Есептеу керек: а) газдар қоспасының жалпы қысымын,кПа; б) масса бойынша қоспаның проценттік құрамын; в) көлем бойынша проценттік құрамын; г) әр газдың парциалдық қысымын (Па). Жауабы а.303кПа;б.76,18;7,18;16,64; в.53,33; 40; 6,67; г. 162, 121,6, 20,2.
3.Ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесі 21% және 78% , ауаның қысымы 1,013105 болса, газдардың парциалдық кысымын есептеу керек.Жауабы р(О2 ) 0,213105 Па; р(N2)0,79105 Па.
4.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы
5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.
5.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.
Жауабы 3,9810-19 Дж.
6.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .
7.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма? Жауабы 1,0510-36 м.
8.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.
9.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы 40.
10.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.Жауабы 2,19106 м/с.
Атомдағы электронның кез келген тұрақты күйі белгілі квант сандарының мәнімен сипатталады. Квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі атомдық электрондык орбиталь (АО) деп аталады. n – (бас квант саны) атомдағы электронның энергиясын және энергетикалық деңгейін, яғни АО өлшемін анықтайды. Бас квант саны 1- 7 мәндерін (периодтық жүйедегі период номеріне сәйкес) қабылдайды. l – орбиталь квант саны атомдағы электронның энергиясын және электрондық орбитальдардың пішінін анықтайды, мәні 0 – (n - 1) қабылдайды. l = 0,1,2,3 сәйкес атомдық орбитальдар s- , p-, d-, f – орбитальдар деп аталады. Магнит квант саны ml – электронның магнит моментімен байланысты, электронның магнит өрісіндегі бағытын, электронның қабылдаған бағытына қатысты электрондық бұлттың ориентациясын (бағытын) көрсетеді. Оның қабылдайтын мәндері –l –ден +l, ноль мәнін қоса. Мысалы, l = 2,ml мәндері
-2,-1,0,+1,+2 ,яғни 2l + 1 = 22 +1 =5. Спин квант саны ms – электронның ішкі қозғаласын сипаттайды. Оның мәні: +1/2 және -1/2.
Элементтер атомдарындағы электрондардың атомдық орбитальдарда орналасуы үш жағдаймен анықталады: Паули принципі, Клечковский және Хунда ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет