Дәріс 30. АБСОРБЦИОНДЫ СПЕКТРОСКОПИЯ.
ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ
Жарық (микробөлшектер) 2 түрлі табиғат көрсетеді: толқындық және корпускулдық. Толқындық қасиеті интерференциялық, дифракциялық, шағылу, шашырау, сыну құбылыстарын береді. Электромагнитті толқын мынадай параметрлермен сипатталады:
ν – жиілік – электр өрісінің 1 секундта тербелу саны, с-1 (герц);
λ - толқын ұзындығы, нм;
Корпускулдық (кванттық) қасиет – микробөлшектер (сәуле) фотоннан тұрады. Фотонның энергиясы, массасы, толқын ұзындығы өзара байланысты. Е = mc2 = һν не Е = һс/λ, һ – Планк тұрақтысы, һ = 6,62710-27 эрг. с = 6,610-34 Джс = 4,110-15 эВс
Электромагнитті сәуле толқын ұзындығына байланысты ультракүлгін (УК) (10 - 380нм), инфрақызыл (ИҚ) (750 – 105 нм), көрінетін жарық (380- 750нм) т.б. болып бөлінеді.
Заттардың УК, ИҚ, көрінетін сәулелермен әрекеттесуіне (сәулелерді жұтуына) негізделген әдісті абсорбционды спектроскопия (спектрофотометрия) деп атайды.
Толқын ұзындықтарының (не жиіліктерінің) жиынтығы – сәуленің электромагнитті спектрі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |