АЛКАЛИМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ НАТРИЙ ГИДРОКСИДІНІҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН ҚЫМЫЗДЫҚ ҚЫШҚЫЛЫ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ
ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР 1. Сілтінің ертіндісін дайындағанда оны неге карбонаттың (Na2CO3) қосындысынан тазалау керек?
2. Натрий гидроксидін қымыз қышқылы арқылы титрлегенде жүретін реакция тендеуін жазындар. Қымыздық қышқылы (Н2С2О4 . 2Н2О) мен натрий гидроксидінің эквиваленттік массалары неше тең ?
3.Титрлеу үшін неге индикатор ретінде фенолфталеин алынады?
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ Көлемі 100 мл (250 мл) болатын колбада 0,1н қымыздық қышқылын дайындау үшін оның қанша мөлшерін алу керек екенін есептеп шығарындар.
Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г ___________
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г __________
Техникалық таразыда өлшенген бюкстегі қымыздық қышқылының
массасы, г
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкстегі қымыздық қышқылының массасы, г _____________
Үлгі массасы,г _________
Қымыздық қышқылын құрғақ воронка арқылы көлемі белгілі колбаға (100 мл не 250 мл) толық түрде салындар. Дистильденген сумен бюксті де, воронканы да бірнеше рет жуып, колбаға құйындар. Колбаның белгіленген жеріне дейін дистильденген сумен қымыздық қышқылы ерітіндісінің көлемін жеткізіндер.
Бюретканы натрий гидроксиді ерітіндісімен шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар.
Титрлейтін колбаға 10,00см3 қымыздық қышқылының ерітіндісін пипеткамен құйыңдар. Пипетканы осы қышқылмен алдын ала шайып алу керек. 1-2 тамшы индикатор фенолфталеин құйыңдар.
30 секунд уақытта өзгермейтіндей қызыл түске дейін титрлеуді 3 рет жүргізу керек. V1 = ; V2 = ; V3= .