Мысал 2. Массасы 5,6г газ 17С температурада, қысым 0,997105 Па болғанда 4,84 л көлем алады. Осы газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Шешімі: Клапейрон-Менделеев теңдеуінен М = mRT/Vp.
M = 5.6 8.31290 / 0.9974,84 = 28 г/моль; Мr = 28.
Мысал 3. 3л газдың белгілі бір температурада қысымы 93,3 кПа (700 мм сынап бағ.). Температураны өзгертпей газдың көлемін 2,8 л – ге дейін төмендетсе, қысым қалай өзгереді? Шешімі: рх / 93,3 = 3/2,8; px = 93,33/ 2,8 = 100кПа.
Мысал 4. 27С температурада газ көлемі 600 мл болса, қысым тұрақты қалса, 57С қандай көлем алады. Шешімі: Есеп шарты бойынша V1 = 600 мл, Т1 = 273 + 27 = 300К және Т2 = 273 + 57 = 330К. Бұл мәндерді Гей-Люссак заңына қойып есептесе, 600/300 = V2 /330, V2 = 660 мл болады.Газ не бу тәріздес заттардың молярлық массаларын олардың молярлық көлемін және тығыздығын пайдаланып та есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |