Мына есептерді шығару керек
Егер 3,6г сірке қышқылы 1л ерітіндіде болса, оның сутегі ионының концентрациясы нешеге тең болады? Кд=1,8∙10-5.
Көмір қышқылының 1- саты бойынша жүрген диссоциациясы арқылы диссоциациялану дәрежесін табу керек. Көмір қышқылының концентрациясы 0,01М болса, Кдисс. = 4,5∙10-7. Жауабы: α=0,67
0,1М аммоний гидроксиді ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі мен гидроксид-ионының концентрациясын анықтау керек. Жауабы: α=1,33;
[ОН-] = 1,33 ∙10-3 моль/л, Кд=1,75∙10-5
Егер сірке қышқылының 1,5г 50мл ерітіндіде болса, сутегі ионының концентрациясы мен ерітіндінің рН-ы нешеге тең болады? Жауабы: [Н+] =3,5∙10-3 моль/л; рН=2,5
Егер 0,5М аммоний гидроксидінің 10мл-ін 50мл-ге дейін сұйылтса, ерітіндідінің рН-ы нешеге тең болады? Жауабы: рН=11,13.
Егер 0,1н құмырсқа қышқылының диссоциациялану дәрежесінің мәні 80% болса, оның рН нешеге тең болады? Жауабы: рН = 1,1
Егер 0,1М сірке қышқылының ерітіндісіне 0,05моль натрий ацетатын қосса, ерітіндінің рН неше есе азаяды?
0,001М тұз қышқылының рН нешеге тең?
0,01М күкірт қышқылының α=92% болса, рН нешеге тең?
0,02н натрий гидроксидінің 5мл-ін сумен 100мл-ге дейін сұйылтса, алынған ерітіндінің рН-ы нешеге тең (α=100%). Жауабы: рН=11
0,75М азот қышқылының рН-ын активті коэффициентін еске алып, анықтау керек. Жауабы: рН=0,832
Достарыңызбен бөлісу: |