ПОЛЯРОГРАФИЯ. АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ
Полярографиялық анализ әдісінің негізі, полярографияның қандай түрлері бар?
Шекті (диффузионды) тоқ деп қандай тоқты айтады?
Полярогафияда индикаторлық электродтарға қандай талаптар қойылады?
Тамшылайтын сынып электроды мен айналатын платина электродының жетістіктері мен кемшіліктері.
Полярографияда қандай салыстырмалы электродтар қолданылады?
Полярографияда не үшін фон болатын электролит қолданылады?
Полярогафия анализінде жеке заттарды және олардың қоспасын анықтаудағы мүмкіншіліктері қандай?
Амперометриялық титрлеудің мәні мен теориялық негізі неде?
Амперометриялық титрлеу мен полярография әдісінің арасында ортақ қасиеттер мен айырмашылықтар неде?
Амперометриялық титрлеуге арналған ұяшықтың құрылысы.
Амперометриялық титрлеу арқылы қандай заттарды анықтайды?
Амперометриялық титрлеу қисықтарының типі.
Лай, түсті ерітінділерді және электродты активті емес заттар ерітінділерін амперометриялық титрлеу әдісімен титрлеуге бола ма?
РbСI2 затының қанық ерітіндісін (фон ерітіндісі ретінде аммонийлі буфер ерітіндісі алынған) полярографиялағанда қорғасынның полярографиялық толқынының биіктігі 30мм. 0,01М стандартты қорғасын ацетаты ерітіндісінің полярографиялық толқынының биіктігі 18,9мм. РbСI2-нің ерігіштік көбейтіндісін анықтау керек. Жауабы: ЕК РbСI2= 1,6 . 10-5.
Мырыш тұзы стандартты ерітіндісі полярографияланғанда мына нәтижелер алынған:
СZn2+, % 0,10 0,20 0,30 0,40 0,50
h, мм 8,0 14,0 22,0 28,0 97,0
Егер ерітіндінің полярографиялық толқынының биіктігі 250 мм болса, анализденетін ерітіндідегі мырыш мөлшері қанша болады? Жауабы: 0,35%
Егер ерітіндіні полярографиялағанда мына нәтижелер алынған болса:
Е, В 0,40 0,50 0,55 0,60 0,65 0,70 0,75 0,80 1,00
J, мкА 0 0 3,0 5,0 10,0 30,0 35,0 37,0 38,0
Шекті диффузионды тоқты анықтау керек. Жауабы: 0,37 мкА.
Аммонийлі буфер қоспасы фон ретінде алынған, тамшылайтын сынап электродында түсірілген кадмийдің вольтамперлі қисығында мына мәндер алынған:
Е,В 0,10 0,20 0,30 0,50 0,60 0,70 0,80 0,90 1,00
h, мм 3,0 3,0 3,5 4,5 25,0 45,0 46,0 47,0 47,0
Кадмийдің жарты толқынының потенциалын Е1/2 есептеу керек.
Жауабы: -0,35В.
50 мл Рb2+ және Ва2+ қоспасы бар ерітіндіні -0,8В потенциалында 0,05М К2СгО4 ерітіндісімен амперометриялық титрлегенде мына мәндер алынған:
V К2СгО4, мл 0 1 2 3 4 6 8 10 11 12 13
J, мкА 90 70 50 30 10 10 10 10 35 60 85
Рb2+ және Вa2+ массаларын (г) және олардың титрін есептеу керек.
Жауабы: m Рb2+ = 0,0414г, Т Рb2+ = 0,000828 г/мл;
mВa2+ = 0.0411 г, ТВa2+ = 0,000822 г/мл.
50 см3 Ғе2+ ерітіндісін 0,05н К2Сг2О7 ерітіндісімен Е= +1,2В потенциалында амперометриялық титрлегенде мына мәндер алынған:
V К2СгО4, см3 0 0, 1 0, 2 0, 3 0, 4 0, 5 0, 6 0, 7 0, 8
I, мкА 100 85 70 55 40 25 10 10 10
Ерітіндідегі Ғе2+ иондарының концентрациясын %, Т, М анықтау керек.
Жауабы: 3,36 . 10-3% ; 3,36 ∙ 10-5 г/ мл; 6 . 10-4 моль/л.
Достарыңызбен бөлісу: |