Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет166/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

K = CRM CKt+ /CRKt  CM+; RAn + A- ↔ RA + An-
K = CRA  CAn- /CRAn  CA- ; СAn-, CKt+, CA-, CM+ - ерітіндідегі иондар концентрациясы; CRKt, CRM, CRAn, CRA – иониттегі иондар концентрациясы.
Әр ионит алмасу сыйымдылығымен сипатталады: 1г ионит алмаса алатын иондар эквивалентінің мөлшері.
Иондар ионитте таралу коэффициентіне байланысты (D) ұсталады. Көп зарядты иондар бір зарядты иондарға қарағанда ионитте күштірек ұсталады, яғни олардың D мәні үлкендеу. Көп жағдайда катиондарды бөлу үшін иониттерді Н+ - түрге, ионит арқылы НСІ өткізіп, айналдырады. Содан соң иондар қоспасы бар ерітіндіні ақырындап өткізеді. Әр ион өзінің сорбциалануына (жұтылуына) байланысты ионитте ұсталады. Хроматографиялық бағана арқылы қышқылдарды ақырындап жібергенде D мәніне байланысты иониттегі Н+ - ионымен алмасып, бағанадан белгілі ионы бар ерітінді шыға бастайды.
Ионалмасу хроматографиясы кедергі келтіретін иондарды бөлу үшін, суды тұзсыздандыру үшін, сұйытылған ерітінділерден аз мөлшердегі заттарды концентрлеу үшін қолданылады. Мысалы, көптеген металдар иондарын айқындау (обнаружение) және анықтау үшін фосфат-ионы кедергі келтіреді, себебі олармен фосфат-ионы тұрақты комплекстер не аз еритін қосылыстар түзеді. Фосфат-иондарынан арылу үшін ерітіндіні Н+ - түрдегі катиониті бар бағана арқылы өткізгенде металл-катиондары катионитте қалып, фосфат-ионы өтіп кетеді. Күшті қышқыл ерітіндісімен бағананы жуып, металл катиондары ерітіндісін алады.
Суды тазалау үшін Н+ катиониттен, сосын ОН- - аниониттен өткізеді, сонда суда Н+ және ОН- қалады.
Бағаналы хроматография кей жағдайда ұзақ жүреді, тездету үшін қысым қолданса, оны жоғары эффектілі сұйықтық хроматография деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет