Электрондық аналогтар - егер элементтердің валенттілік электрондары барлық элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасса: мысалы, хлор мен марганец электрондық аналог болмайды, сондықтан бір топшада болмайды, ал кальций мен магний электрондық аналогтар.
Иондану энергиясы: атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ (1эВ = 96,48кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет, себебі оң зарядтың мәні артады: І1 І2 І3 эВ-электрон-вольт.
Электрон қосылғыштық энергиясы: Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те (теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.
Электртерістік(ЭТ) – элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән. Оның мәні иондану энергиясы мен электрон қосылғыштық мәндерінің қосындысының жартысына тең. Практикада ЭТ –нің абсолютті мәнін емес, салыстырмалы мәнін қолданады. Сонда фтордың ЭТ = 4, ЭТ(О)=3,5; ЭТ( Li)= 0,98.
Атомның құрамы – ядро және электрондар; олардың заряды және массасы. Атом ядросы протондар мен нейтрондардан тұрады, олардың арасында ядролық күш болады. Ядродағы протондар саны (Z) ядро зарядына және периодтық жүйедегі элемент номеріне тең. Протондар мен нейтрондардың жалпы қосындысы массалық сан (А), элементтің салыстырмалы атомдық массасына (Аr) тең, айырымы А – Z ядродағы нейтрондар санын анықтайды.
Масса дефектісі (m) – ядро массасы мен ядро құрамына кіретін протондар мен нейтрондардың арифметикалық қосындысының айырымы. Масса дефектісі ядро түзілгенде бөлінетін энергиямен Эйнштейн қатынасы Е = mc2 арқылы анықталады.
Мысалы: салыстырмалы атомдық массалары 1Н2 (2,01410),
2Не3 (3,01603) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу: 1Н2 + 1Н2 = 2Не3 + 0n1
m = 22.01410 – ( 3.01603 + 1.00866) = 0.00351 = 0.003511.661027 кг =
5,8261030 кг; Е = 5,8261030 кг (3108 м/с)2 6,021023 =
3,151011 кгм2 /с2 = 3,151011 Дж/моль.
Достарыңызбен бөлісу: |