АЦИДИМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ. ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН БУРА (натрийдің тетра бораты Na2B4O710H2O) АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ
Сабақтың мақсаты. Стандартты ерітінді даярлау және жұмыс ерітінділерінің титрін анықтау. Шамамен 0,1н стандартты ерітінді даярлау (H2C2O42H2O, Na2CO3 немесе Na2B4O710H2O) және даярланған ерітіндінің дәл титрін және нормальды концентрациясын есептеу.
ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:
Қышқыл-негіздік титрлеудің мәні.
Титриметриядағы пайдаланылатын реакцияларға қойылатын талаптар.
Титриметрия әдісінің негізгі ұғымдары: стандартты ерітінді, титрант (жұмыс ерітіндісі), титрлеудің түрлері, аликвоттық бөлшек, индикатор, эквивалентті нүкте және титрлеудің соңғы нүктесі.
Нейтралдау әдісіндегі стандартты ерітінділер даярлайтын бастапқы қосылыстар (олардың формулалары); оларға қойылатын талаптар.
Қышқыл-негіздік тәсілдегі титранттар, оларды даярлайтын тәсілдер.
Алкалиметрия, ацидиметрия.
Әдісте пайдаланылатын индикаторлар, оларды таңдау, түсінің өзгеру интервалы.
Ерітінділердің концентрациясы (Т, нормальды, молярлы концентрациясы, массалық үлесі (%), олардың өз ара байланысы.
Эквиваленттер заңы, титриметриялық анализдердің теориялық негізі. Оның математикалық теңдеуі.
10.Бюретка мен пипетка арқылы жұмыс үшін қолданылатын ерітінділермен оларды шайқау керек. Неге? Титрлеуге қолданылатын колбаны алдын ала оған құйылатын (титрленетін) ерітінділермен шайқауға бола ма?
11.Қышқылдардың концентрациясын анықтау үшін натрий тетраборатын стандартты ерітінді ретінде қолдану ыңғайлы. Неге?
12.Тұз қышқылын натрий тетраборатымен титрлегенде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Натрий тетраборатының эквиваленттік массасы нешеге тең?
13.Индикатор ретінде неге метилоранж қолданылады?
14.Титрлеуге неге индикатордың көп мөлшерін алуға болмайды?
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
Көлемі 100 (250) мл болатын 0,05н натрий тетраборатының ерітіндісін дайындау үшін қажет Na2B4O710H2O мөлшерін есептеп шығарыңдар.
Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г _____
Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г___
Аналитикалық таразыда өлшенген Na2B4O710H2O массасы, г__________
Техникалық таразыда өлшенген Na2B4O710H2O массасы, г__________
Үлгі массасы, г _________
Өлшеніп алынған натрий тетраборатын құрғақ воронка арқылы көлемі белгілі колбаға (өлшегіш колба) толық түрде ауыстырады. Колбаны алдын ала жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып алу керек. Ыстық дистильденген сумен натрий тетраборатын бюкс пен воронкадан колбаға ерітіп, өткізу керек. Воронка мен бюксті бірнеше рет ыстық сумен шайып, колбаға құяды.
Колбаның 2/3 бөлігіне дейін тағы ыстық дистильденген су құйып, воронканы алып, ақырындап шайқап, натрий тетраборатын еріту керек.
Ерітінді суыған соң колбаның белгісіне дейін дистильденген су құйып, колбаның аузын жақсылап жауып, колбаны бір-екі рет төңкеріп, ерітіндіні араластыру керек. Неге?
Бюретканы жақсылап жуып, дистильденген сумен шайқап, концентрациясын анықтайтын тұз қышқылының ерітіндісімен тағы да шайқау керек. Сосын осы тұз қышқылымен бюретканы толтырады.
Титрлеуге арналған колбаға дайындалған натрий тетрабораты ерітіндісінің 10,00см3 пипетка көмегімен құяды. Бұл пипетка алдын ала осы ерітіндімен шайқалған болуы керек. Ерітіндіге 1-2 тамшы индикатор метилоранж қосады.
Осы сияқты тағы бір колбаға салыстыруға арналған ерітінді дайындау керек. Ол үшін 20,00см3 дистилденген су алады да, оған 1-2 тамшы метилоранж құяды. Ерітінді түрі сары болады. Титрлеу кезінде титрленетін ерітінді түсінің өзгеруін осы ерітіндіге қатысты тез анықтауға болады.
Титрлеуді ерітінді түсі әлсіз қызғылт тартқанға дейін жүргізу керек. Титрлеуді үш рет жүргізу керек, яғни тұз қышқылы көлемінің үш рет титрлегенде тек 0,1см3 ғана айырмасы болуы керек. V1 = ; V2 = ; V3= ; Орташа көлем мөлшерін табу керек, ол мән есептеуге қолданылады.
Vорта = V1+ V2 + V3/3
Оқытушыға жүмыстың нәтижесін өткізу керек.
Натрий тетраборатының массасы, г ---------------
Натрий тетраборатының титрі, г/мл ---------------
Натрий тетраборатының нормальды концентрациясы –
Тұз қышқылының нормальді концентрациясы,-----------
Тұз қышқылының титрі, г/мл ---------------------
Достарыңызбен бөлісу: |