Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ (СҮТ, АЙРАН, СОРПАНЫҢ) ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ИОН АЛМАСУ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТӨМЕНДЕТУ



бет207/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ (СҮТ, АЙРАН, СОРПАНЫҢ) ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ИОН АЛМАСУ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТӨМЕНДЕТУ


Жұмыстың мақсаты: жұмысты жасау әдісін және ерітіндінің рН-ын анықтауды рН-метрде үйрену, сүттің рН-ының жоғарылауы және төмендеуі кезіндегі ион алмасу процесін, АВ-17 анионитінің регенерациясын түсіндіру және олардың теңдеулерін жазу. Тура потенциометрияны және ион алмасу хроматографиясын қолдануды үйрену.
Жұмысты орындау:

    1. рН-метр 20-30 минут қыздырылады. «Температура» деген шкала арқылы қажет температура қойылады, бұл кезде рН-метрдің «t» деген кнопкасын басады.

    2. Буфер ерітінділер арқылы рН-метрдің дұрыс көрсетуін қадағалайды.

    3. Электродтарды алдын ала жақсылап дистильденген сумен жуып, фильтр қағазымен құрғатады.

    4. Сүттің қышқылдығын рН1 анықтайды.

    5. рН1 мәнін жазып алған соң, электродтарды сүттен алып, жақсылап жуып, дистильденген суы бар стақанға салып, рН-метрдің «t» кнопкасын басып қою керек.

    6. АВ-17-ОН- түріндегі аниониттің бетіндегі суын төгіп тастап, оған сүтті құйып, екеуін 1 сағаттай араластырады.

    7. АВ-17 анионитінен сүтті бөліп, сүттің рН2 мәнін рН-метрде өлшейді, сонда рН2 ˃ рН1 (Неге?).

    8. рН-метрді өшіріп, электродтарды жуып, стақандағы дистильденген суға салып қояды.

    9. АВ-17 анионитінің регенерациясын жүргізеді: оны 20мл 1М натрий гидроксиді ерітіндісімен 15 минуттай шайқайды да сілті ерітіндісін төгіп тастап бірнеше рет дистилденген сумен жуады. Сумен жуылып болғанын метилоранжбен тексереді, яғни түсі сары болғанша. Аниониттің үстіне су құйып, лаборантқа өткізеді.

    10. Алғашқы және АВ-17 анионитімен контактта болған сүттерді жеке-жеке қайнатып, нәтижесін салыстырыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет