Мысал 4. 42 мл күкірт қышқылын бейтараптау үшін 14 мл 0,3 н. cілті қажет болса, қышқыл ерітіндісінің молярлылығын анықтау керек. Шешуі : заттар өзара эквивалентті мөлшерде әрекеттесетіндіктен , былай жазуға болады: Сн ,қ Vқ = Сн ,с Vс , мұндағы қышқыл мен сілті концентрациялары мен көлемдері.
Олай болса, Сн ,қ 42 = 14 0,3 ; Сн ,қ = 0,1 н. Қышқылдың эквиваленті
0,5 моль, сонда молярлылығы 0,1 0,5 = 0,05 моль/л болады.
Мысал 5.100 мл 15% - ті (массасы бойынша) күкірт қышқылын дайындау үшін 96 % - ті (массасы бойынша) ( = 1,84г/мл) қышқылдың қанша көлемін және қанша масса су алу керек? Шешуі: 15% - ті 100 мл қышқылды дайындау үшін қажет массасы 100 мл 1,10 г / мл = 110г.16,5 г күкірт қышқылы бар 96 %-ті ерітінді көлемін табу керек, ол үшін 1мл ерітінді массаы 1,84 г болғандықтан ,онда 1,84 0,96 = 1,77г H2SO4 болады. Олай болса, H2SO4 ерітіндісінің табу керек көлемі 16,5 /1,77 = 9,32мл. Сонымен, 100 мл 15% -ті H2SO4 ерітіндісін дайындау 9,32 мл 96 % -ті ерітінді және 110 – 16,5 = 93,5 г су алады.