«химия» пәнінен (11 сынып). Берілген есептерді шығару



бет1/2
Дата11.03.2023
өлшемі23,86 Kb.
#171934
  1   2
Байланысты:
БЖБ 11-сынып 3 ток
Мата түрлері кесте, есеп, Эмблема сұңқар, қыран тобы

3 -тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«химия» пәнінен (11 сынып).


1. Берілген есептерді шығару барысында физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтаңыз:

(a) (і) Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 21 тең, құрамы 85,7% көміртектен тұратын органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз. /1/


(б) Пропан мен ацетиленнен тұратын қоспаны бром суы бар шыны түтік арқылы өткізгенде шыны түтіктің массасы 2,5 г артты. Бастапқы қоспаның дәл осындай мөлшерін жаққан кезде 2,4л (қ.ж.) көміртегі (IV) оксиді бөлінді. Бастапқы қоспа құрамындағы пропанның массалық үлесін анықтаңыз. /3/


2. Берілген генетикалық айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеуін жазыңыз:
Дихлорэтан→этин→этаналь→этанол→көмірқышқыл газы→иіс газы→метанол
/2/
3. Параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша сандық есептеу жүргізіңіз. Массасы 0,3 г көміртекті толық жаққанда алынған көміртек (iv) оксидін массасы 200г, массалық үлесі 3,42 % барий гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізді. Тұнбаның массасын анықтаңыз /2/


4. (а)Аммиактың судағы ерітіндісі немесе аммоний гидроксиді басқа негіздер сияқты қышқылдармен, қышқылдық оксидтермен, тұздармен әрекеттеседі. Көпнүктенің орнына қажетті заттарды жаза отырып, реакция теңдеулерін аяқтаңыз:
NH4OH + H3PO4 = ……. + ……….


NH4OH + P2O5 = ……. + ……….


NH4OH + NH4HSO4 = ……. + ………. /3/


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет