Бақылау жұмысы №4. Сутегі. Қышқылдар.Тұздар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
І-нұсқа
Тұздардың формулаларын жазыңдар:
а) кальций сульфаты, ә)натрий фосфаты,
б)барий нитраты, в)мырыш сульфиді,
г)мыс (ІІ) хлориді, д) натрий сульфиті.
Қышқылдардың формуласын көрсетіңдер:
HNO3, HBr, Ca(OH)2, H2SO4, NaOH, H3PO4, H2O.
Реакция теңдеуін аяқтап, теңестір.
Na2O+………=NaCl+H2O
H2SiO3=SiO2+……..
2 моль О2, 3 моль Н2 газдары қалыпты жағдайда, қанша көлем алады?
ІІ-нұсқа
Тұздардың формулаларын жазыңдар:
а) калий фосфаты, ә)темір (ІІІ) сульфаты,
б)натрий нитраты, в)мырыш хлориді,
г)күміс (І) хлориді, д) кальций карбонаты.
Қышқылдардың формуласын көрсетіңдер:
H2SO3, CaCl2, H2S, MgO, HCl, Cu(OH)2, H2CO3.
Реакция теңдеуін аяқтап, теңестір.
Mg +……..= MgSO4+H2
H2CO3= CO2+……
3 моль О2, 5 моль N2 газдары қалыпты жағдайда, қанша көлем алады?
Бақылау жұмысы №5. Су. Ерітінділер.
І-нұсқа
Массасы 500г, 20%-тік ерітінді дайындау үшін қанша тұз, қанша су қажет екенін есептеңдер?
80г суға 20г тұз салынса, сол ерітіндінің массалық үлесі қандай болады?
300г 15%-тік ерітіндіге 100г су қосылған. Содан кейін ерітіндінің массалық үлесі қандай болады?
Йод тұндырмасы дегеніміз-еріген заттың массалық үлесі 10% болатын йодтың спирттегі ерітіндісі. 20г йод тұндырмасын дайындау үшін кристалды йодтың және спирттің қанша массасын алу қажет?
ІІ-нұсқа
Массасы 400г, суға 50г. тұз ерітілді. Алынған ерітіндінің массалық үлесі қандай?
Массасы 40г 2%-тік қант ерітіндісіне 5г. қант қосылған. Ерітіндінің массалық үлесі қандай болғанын табыңдар?
300г 2%-тік ерітінді мен 200г 3% -тік ерітінді араластырылды. Алынған ерітіндінің массалық үлесі қандай болғанын табыңдар?
Асханалық сіркесуы дегеніміз-еріген сірке қышқылының массалық үлесі 3% болатын судағы ерітіндісі. 500г. сіркесуын дайындау үшін қанша су және қанша сірке қышқылын алу керек?
Бақылау жұмысы №6. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары.
І-нұсқа
Төмендегі тұздарды жіктеп,аттарын жазыңдар:
CaCO3, KCl, NaHCO3, Na2S, KHS, Ca(HCO3)2, CaH2PO4, Na2CO3, KCr(SO4)2, AlPO4, FeCl2, FeOHCl2
Алюминийдің тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар. Формулалар алдына қойылған барлық коэффициенттердің жалпы саны қанша?
Al+HCl=
Азот қышқылымен 0,1 моль мыс (ІІ) оксидін әрекеттестіргенде түзілген тұздың массасын табыңдар.
Тұздарды алу реакциялары теңдеулерінің ішінде орынбасу реакциясын жазып алыңдар.
Mg+Cl2=MgCl2
MgO+2HCl=MgCl2+H2O
Mg+2HCl=MgCl2+H2
ІІ-нұсқа
Төмендегі тұздарды жіктеп,аттарын жазыңдар:
MgSO4, KHSO4, BaSO4, FeOHCl2, CaHPO4, Na3PO4, FeCl3, Mg(HCO3)2, CuS, NaCl.
Кальций мен судың әрекеттесу теңдеуін жазыңдар. Формулалар алдына қойылған барлық коэффициенттердің жалпы саны қанша?
Ca+H2O=
Тұз қышқылымен әрекеттескенде 6 моль сутек алу үшін қажет мырыштың массасын табыңдар?
Тұздарды алу реакциялары теңдеулерінің ішінде алмасу реакциясын жазып алыңдар.
Zn+Cl2=ZnCl2
ZnO+2HCl=ZnCl2+H2O
Zn+2HCl=ZnCl2+H2
Достарыңызбен бөлісу: |