Бақылау жұмысы №6. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары.
І-нұсқа
Тұздардың формулаларын жазыңдар:
а) алюминий гидроксохлориді, ә) натрий дигидрофосфаты,
б) барий нитраты, в) мырыш сульфиді,
г) мыс сульфаты, д) натрий сульфиті.
Азот қышқылымен 0,1 моль мыс (ІІ) оксидін әрекеттестіргенде түзілген тұздың массасын табыңдар.
Көлемі 200 мл 25,8%-дық (p=1,285 г/мл) натрий гидроксиді күкірт қышқылымен толық бейтараптағанда қанша тұз шығады?
Массасы 2,87 грамм күміс хлоридін алу үшін 3%-дық күміс нитратынан қанша керек?
Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
K→K2O→KOH→K2SO4
↓
KCl → AgCl
Бақылау жұмысы №6. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары.
ІІ-нұсқа
Тұздардың формулаларын жазыңдар:
а) калий гидрофосфаты, ә) темір (ІІІ) дигидроксохлориді
б) натрий нитраты, в) мырыш сульфаты,
г) күміс (І) сульфиді, д) кальций карбонаты.
Тұз қышқылымен әрекеттескенде 6 моль сутек алу үшін қажет мырыштың массасын табыңдар?
Көлемі 200 мл 40%-дық (p=424 г/мл) калий гидроксиді фосфор қышқылымен әрекеттескенде қанша калий гидрофосфаты алынады?
Массасы 50г тұз қышқылының ерітіндісін бейтараптау үшін 4г күйдіргіш натр қажет болса, қышқылдың концентрациясы қандай болғаны?
Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Na →NaOH→NaCl→ AgCl
↓
Na3PO4→ Ag3PO4
Химия пәнінен 9 сыныпқа арналған бақылау жұмыстары.
Бақылау жұмысы № 1. Электролиттік диссоциациялану теориясы. Тұздар гидролизі.
І-нұсқа
Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
K2SO4, H2CO3, Al(OH)3
Мына заттар өзара әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі, реакциялардың молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.
а) BaCl2+Na2SO4=
ә) FeCl3+NaOH=
100 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі нешеге тең болады?
Массасы 5г. Н2 мен массасы 5г. О2 әрекеттескенде неше грамм су алынады?
ІІ-нұсқа
Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
Na2S, H2SO3, Zn(OH)2
Мына заттар өзара әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі, реакциялардың молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.
Na2SO4+Ba(NO3)2=
AlCl3+NaOH=
200 молекула тұздың 60 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі нешеге тең болады?
Массасы 200г. темір сульфидіне массасы 150 г. НСl бар ерітіндімен
әсер еткенде неше литр (қ.ж.) Н2 бөлінеді?
Бақылау жұмысы №2. Маңызды бейметалдар және олардың табиғи қосылыстары.
І-нұсқа
Қалыпты жағдайда 50л оттегінің массасы қандай?
4FeS2+11O2=2Fe2O3+8SO2 теңдеуі бойынша 64 грамм SO2 алу үшін неше моль FeS2 қажет?
Массалық үлесі 50%-дық 30г. күкірт қышқылын бейтараптау үшін қанша грамм натрий гидроксиді керек? (12,24г.)
Мына қосылыстардағы азоттың массалық үлесі қандай? NaNO3, NO2.
ІІ-нұсқа
Массасы 16 грамм оттегінен алуға болатын озонның массасы қандай?
Массасы 11г. темір сульфиді толық еруі үшін 20%-дық тұз қышқылының неше грамм ерітіндісі қажет?
Массасы 250г. массалық үлесі 20% қорғасын нитратына күкіртті сутекпен әсер еткенде қанша қорғасын сульфиді түзіледі? (36,1г.)
Мына қосылыстардағы азоттың массалық үлесі қандай? KNO2, NH3.
Достарыңызбен бөлісу: |