Химия пәнінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мәселелері мен шешу жолдары



Дата25.08.2017
өлшемі107,85 Kb.
#27203
Химия пәнінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру

мәселелері мен шешу жолдары

Таласбай А.А.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ғылыми жеткешісі: Айдарова А.О.

Елбасының «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын» ерекше атап көрсетуінде үлкен мән бар[1].

Себебі, әлемдік стандарттағы адам әлеуетінің көрсеткіштері болып табылатын индикаторлардың бірі-білім. Осыған орай, кез-келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, онда өміру сүретін халақытардың білім деңгейіне тікелей байланысты.

Қазіргі заман талабына сай білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге, шешім қабылдауға талпынатын, өзінің көзқарасы, ой- тұжырымы бар бала тәрбиелеу- ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты- сабақтың  сапасын көтеру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық, танымдық деңгейін көтеру болса, осыған орай мекептегі оқыту түрлерінің бірі факультативтік жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады .

Факультативтік курс немесе факультативтік сабақ (фр. facultatif — лат. facultas — «мүмкіндік»)  - оқушы немесе студенттің таңдауымен  мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өткізілетін міндетті емес оқу курсы.

Факультативтік сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы белгілі бір ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі.

Факультативтік сабақтар – оқушылардың білімін олардың қажеттіліктеріне, қабілеттеріне, сұраныстарына  сәйкес белгілі бір оқу пәндері бойынша тереңдету, дамыту мақсатында сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Факультативтік сабақтар оқушылардың ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық  қызығушылығының қалыптасуына, оқушылардың зерттеу қызметіне деген ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді. Оқушыларды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда факультативтік жұмыстарды ұйымдастырудын сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.

Факультативтік сабақтардың негізгі мақсаты оқушыларды пәнді меңгертуге деген белсенді әрі тұрақты қызығушылықтарын арттыруға негізделген. Сондықтан мектепте химия пәнінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үшін оқушылардың қызығушылығын ескеріп және алдын-ала сауалнама жүргізу арқылы, олардың ойын ескеруге болады. Себебі оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Егер оқушылардың сабаққа ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, олардың білімділік, іскерлікті және дағдыны пайдалануына жағдай туғызылса, әр оқушымен олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізілсе, ондай жалпы қабілеттілікті де, арнаулы қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамытуға болады. Бұл жағдайда пәннің мазмұны мен оны оқытуды жолға қоюдың шешуші маңызы бар.

Факультативтік курстар оқушылардың өздері таңдап алған ғылым саласында білімдерін арттыру мен дамыта шыңдаудың бірден-бір жолы. Факультативтік сабақтары әдетте күндізгі сабақтарды соңында немесе кешкі уақытта өткізіледі. Факультативтік сабақтарды жүргізу, тақырыптың мазмұнына сәйкес дәріс, рефераттарды талқылау, сарамандық жұмыс, бейнефильмдер және интернет ресурстар және танымжорыққа бару ұйымдастырылады.

Мектепте оқушылардың химия пәнінен факультативтік сабақтарда жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын айналысуы, күрделі (олимпиадалық) есептерді шығаруы, технологиялық үрдістердің физико-химиялық көрсеткіштерін анықтап үйренуі, технологиялық сызбаларымен, жаңа нұсқаларын құрастыруы, болашақта білімді, кәсіби жас ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осыған орай, жергілікті химиялық өндірістерге, тамақ өнімдерін өндіру орындарына, ғылыми-зерттеу зертханаларына, жоғары оқу орындарына танымжорық жасау және кәсіби мамандармен кездесу оқушылардың болашақта кәсіби бағдар алуына, болашақта мамандық таңдауына көмегі тиеді.

Сонымен бірге оқушыларды оқытуда олардың қызығушылықтарын арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында интерактивті әдіс-тәсілдерді бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),  рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,  құжаттар, мұражай т.б.),- презентациялар, тренингтер, интервью және т.б. қолданып өткізу де тиімді.

Химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды тереңдетіп қарастыру мақсатында факультативтік курстарды жоғарғы деңгей, қолданбалы («Химия ауыл шаруашылығында», «Химиялық өндірістер», «Химиялық талдау негіздері»), арнаулы курстар деп қаратыруға болады. Табиғаттағы химиялық элементтер, олардың маңызы, жергілікті аймақтағы химиялық өндіріс, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мәселелері, ауыл шаруашылық және т.б. бағыттар бойынша «Химиялық элементттер- тіршілік бастауы», «Минералды тыңайтқыштар химиясы», «Құрылыс материалдар химиясы», «Полимерлер химиясы», «Тамақ өнімдері химиясы», т.б. ұйымдастыру маңызы зор. Бұл таңдап алынған факультативтік курстар үшін, бірінші оқу бағдарламасы құрастырылып, бекітіледі. Осының негізінде факультативтік сабақтар ұйымдастырылып өткізіледі. «Химиялық элементттер – тіршілік бастауы» тақырыбына химия пәнінен 8 сыныпқа арналып факультативтік сабақтың бағдарламасын құрастырылды (кесте1). Бұл бағдарламаның мақсаты: ұлы химиктердің еңбектері мен ғылыми табыстармен танысу, табиғаттағы элементтері, ауа және су элементтері, аналитикалық және электролиз жолымен алынған элементтердің ашылу тарихы, олардың маңызы, қолданылуы туралы кең көлемде түсінікті дамыту. Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыра отырып, интеллектуалды дамуын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Соған сәйкес мектептік білімнің практикалық іс-әрекеттерге дағдыландыруды, шығармашылықты, ізденушілік, зерттеушілік және эксперименттік сипаттағы өзіндік жұмыстардың үлесін көбейтуді көздейтін құзырлылық-әрекеттік әдіс-тәсілдер оқыту процесінде жүзеге асырылады.

Сондықтан курстың материалын меңгертудегі басты нәрсе-олардың адам өміріндегі алатын орнына оқушылардың назарын аудару қажет. Химияның негізгі ірге тасы қаланатын, әсіресе ғылымның бастауы болып саналатын 8-сыныптағы оқу үрдісінде бұл курсқа назар аударылса, келесі сыныптардағы химия пәні осы негізге сүйеніп, белгілі бір нәтижеге жетері анық. Бағдарлама мазмұны 34 сағатқа арналып жасалды, тарау, тақырыптары кестеде көрсетілген.

Кесте 1

«Химиялық элементттер - тіршілік бастауы» тақырыбына арналған

факультативтік курстың бағдарлама жоспары



Тарау мен тақырып атауы

теориялық сабақ

практикалық сабақ

I

Кіріспе (2 сағат)







1


Химия ғылым болып қалыптасуы. Алхимия туралы түсінік. Химиялық элементтер, таңбалар, атаулары.

1 сағат





2

Химия кабинетінде, зертханада қауіпсіздік техникасы ережелері.Химиялық құрал-жабдықтар,олармен жұмыс істеу ерекшеліктері.




1 сағат


II Қазақстандық және шетел ғалым-химиктердің еңбектері (3 сағат)

3

Қ.И.Сатпаев- ұлы ғалым,оның еңбек жолдары

1 сағат





4

Ә.Б.Бектуровтың, Б.А.Бірімжановтың өз еліне сіңірген еңбектері.Қазақстандағы химия ғылымының дамуы.

1 сағат





5

Д.И.Менделеевтің өмірі, қызметі, ғылыми ерлігі.Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және ашқан периодтық заңы.

1 сағат





III Табиғаттағы элементтер. (13 cағат )

6

Көміртек-жердегі тіршіліктің негізі

1 сағат




7

«Адсорбция және десорбция құбылысы» зертханалық жұмыс




1 сағат

8

Күкірт-химия өнеркәсібінің қозғаушы күші.Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері.

1 сағат





9

Практикалық жұмыс «Пластикалық күкірт алу»




1 сағат


10

Алтын-металдар патшасы

1 сағат




11

Күміс және оның қасиеттері, адамға пайдасы

1 сағат




12

Мыс-электротехниканың басты металы. «Мыстың маңызды қасиеттері» зертханалық жұмыс




1 сағат

13

Темір-ежелгі металл.Темірді өндіру әдістері. «Темірдің пассивтенуі және активтенуі» зертханалық жұмыс




1 сағат


14

Фосфор-жарық шығарушы элемент,ашылу тарихы,маңызы.Жамбыл облысының фосфор өндірісі.

1 сағат





15

Күшән және оның қолданылуы.

1 сағат




16

Сурьма және оның маңызы.

1 сағат




17

Мырыш, оның ашылу тарихы,қасиеттері.Мырыштың қосылыстары.




1 сағат


18

Менің денем неден тұрады? Ағзадағы Менделеев кестесіндегі элементтері

1 сағат




IV Ауа және су элменттері (3 сағат)

19

Сутек жанғыш газ




1 сағат

20

Оттек- тіршіліктің ауасы, ашылу тарихы, маңызы

1 сағат




21

Азот-тіршіліктің тірегі.Ауаны қорғау мәселелері.

1 сағат



V Аналитикалық және электролиз жолымен алынған элементтер (11 сағат)



22

Біздің айналамыздағы барий, оның тұздары,маңызы және қолданылуы.

1 сағат




23

Хром және металлургия. «Хром қосылыстарының қасиеттері» зертханалық жұмыс




1 сағат


24

Кремний- жер қыртысының негізі.Шыны, қыш бұйымдары,құрылыс материалдары.

1 сағат





25

Хлор-түссіздендіргіш газ




1 сағат

26

Алюминий-болашағы зор металл.




1 сағат

27

Калий-өсімдік күлі.Калий тыңайтқыштары.




1 сағат

28

Магний қасиеттері, қолданылуы.




1 сағат

29

Кальций- тіршіліктің тірегі.

1 сағат




30

Семинар сабақ «Мен нені білемін,нені білдім,нені білгім келеді?»

1 сағат





31

Қазақстанда химиялық өнеркәсібінің өркендеуі 2010-2014 жылдардағы негізгі даму бағыттары.Химиялық өндірістер,олардың шикізаты,кен орындары.

1 сағат





32

«Химия біздің айналамызда» жобаны қорғау.




1 сағат

33

Химия және экология

1 сағат




34

Қорытынды сабақ

1 сағат



Қорыта айтқанда, химиядан факультативтік сабақтарды ұйымдастарудың маңызы оқушылардың қызығушылық, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді.


Әдебиеттер
1.«Білім туралы»Қазақстан Республикасының Заңы-2007.

2. Мырзабаев. «Химиядан кластан тыс жұмыстар» -А., 1994 ж



3. Нұғыманұлы.И. «Химияны оқыту әдістемесі» - А., 1999 ж.

4. А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» -А., 2015 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет