Mg + AgNO3 қоспасының судан тұтануы
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
күміс нитраты
магний жаңқасы (ұнтағы)
су
тамшуыр
Тәжірибе барысы:
Отқа төзімді жерге майдаланған күміс нитраты мен магний жаңқалары (немесе ұнтағы) араластрылған қоспаны себіңіз. Заттың жалпы салмағы – шамамен 0,5г. Қоспа үйіндісінің үстіне бір тамшы жылы су тамызыңыз. Іс жүзінде бірден-ақ көз қаратпайтын жарқыл пайда болады.
Нақтырақ айтар болсақ, яғни алғашқыда қара металдық күміс бөлінеді, сосын қоңыр түтін NO2, әрі қарай ашық, жарқырап ұшқындар ұша бастайды. Реакциядан кейін күмістің қара бөлшектері мен ақ түсті магний оксидінің қоспасы қалады.
Реакцияны мына теңдеу бойынша көрсетуге болады:
3Mg + AgNO3 = 3MgO + 0,5N2 + Ag
Күміс нитраты бағалы компонент, сондықтан да оны аз мөлшерде алу керек.
Химиялық спектр
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
сынауықтарға арналған тұрғы
сынауықтар
ақ парақ
ерітінділер: темір (III) хлориді, калий роданиді, барий хлориді, калий хроматы, никель сульфаты, натрий гидроксиді, мыс сульфаты, 25%-дық аммиак ерітіндісі, кобальт (II) хлориді
Тәжірибе барысы:
6 сынауыққа келесі ерітінділерді жұптап құйыңыз:
1. Темір (III) хлориді мен калий роданиді
2. Барий хлориді мен калий хроматы
3. Никель сульфаты мен натрий гидроксиді
4. Мыс сульфаты мен натрий гидроксиді
5. Мыс сульфаты мен 25%-дық аммиак ерітіндісі (тяга)
6. Калий роданиді мен кобальт (II) хлориді
Алынған ерітінділер мен тұнбалардың түстері күн спектрінің түсі бойынша таңдап алынған. Түстерді жақсы салыстыру үшін тұрғының артына ақ қағаз қойыңыз.
Жүргізілген түсті реакциялардың алмасуын төмендегі теңдеулер бойынша көрсетуге болады.
FeCl3 + 3KCNS ↔ Fe(CNS)3 + 3KCl
BaCl2 + K2CrO4 = BaCrO4↓ + 2KCl
NiSO4 + 2NaOH = Ni(OH)2↓ + Na2SO4
CuSO4 + 2NaOH = Cu(OH)2↓ + Na2SO4
CuSO4 + 4NH3 = [Cu(NH3)4]SO4
Cu2+ + 4NH3 = [Cu(NH3)4]2+
CoCl2 + 4KSCN = K2[Co(SCN)4] + 2KCl
Co2+ + 4SCN- = [Co(SCN)4]2-
Достарыңызбен бөлісу: |