Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет13/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

2.12. Алғашқы көмек көрсету
Механикалық жарақаттану және шынымен кесіп алған жағдайда жарақатты 2-3%-дық калий перманганаты ерітіндісімен және 3%-дық сутек асқын тотығымен жуады. Жарақаттың жиектерін йодтың спирттегі ерітіндісімен сүртіп, залалсыздандырылған бинтпен байлап қояды. Егер тереңінен кесілген болса немесе жарақат қанағанда 2-3%-дық темір хлоридінің ерітіндісіне немесе сутек асқын тотығына ылғалданған мақтамен қанаған жерді сүртеді, сосын дәрігерге көрінеді. Ал, егер қатты қан ағып жатқан жағдайда дәрігер келем дегенше резеңке жгутпен байлайды.
Ж ылулық (буға, қызып тұрған затқа) күю кезінде күйген жерді 3%-дық ас содасы немесе калий перманганаты ерітіндісімен сүртіп, содан кейін күйікке арналаған жақпамай жағып, таңып қояды. Міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Химиялық күю кезінде (қышқылмен, сілтімен және басқа да күйдіргіш заттармен) ең алдымен мақтамен тамшы қалдықтары болса сүртіп, судың көп мөлшерімен жуады және бейтараптаушы заттармен: қышқылмен күйгенде - 2-3%-дық ас содасы немесе аммоний бикарбонатымен, сілтімен күйгенде - 2%-дық сірке қышқылы ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін күйген жерге жақпамай немесе вазелин (борлы) жағып, таңып қояды.
Қышқылмен уланғанда 4-5 стақан жылы су ішкізіп құстырады, магний оксидінің суспензиясын немесе натрий карбонаты, гидрокарбонатын ішкізіп құсып тастайды, 2 рет асқазанды жуады; сілтімен уланғанда 4-5 стақан жылы су ішкізіп құстырады, 2%-дық сірке қышқылының ерітіндісін ішіп құстырады, 2 рет асқазанды жуады.
Газбен уланғанда таза ауа және тыныштық қажет, керек болса оттегімен дем алдырады. Басқа зақым алған жағдайда - йод, сұйық бром тисе 5%-дық натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен сүртеді. Барлық жағдайда дәрігерге көріну керек.


Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер тізбесі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет