Тәжірибе барысы: Х имиялық стақанда қыздыра отырып, магний сульфатының қаныққан ерітіндісін даярлаңыз. Даярланған ерітіндіге бірнеше тамшы алдын ала дайындалған столярлық желім қосыңыз және стақанды шыны таяқшамен араластырыңыз. Алынған ерітіндіні таза шыны әйнекке бірқалыпты қабатпен қылқаламның көмегімен өрнек (сурет) салыңыз.
Біраз уақыттан соң шыныда мұз өрнектері тәрізді кристалдар түзіледі. Температураны төмендеткенде аса қаныққан ерітінді тұз кристалдарын түзеді.
ІІ-нұсқа
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
шыны әйнек
химиялық стақан
асбест торы
қорғасын нитратының қаныққан ерітіндісі
аммоний хлоридінің кристалдары
Тәжірибе барысы: Стақанға қорғасын нитратының Pb(NO3)2 қаныққан ерітіндісін дайындап алып, оған аммоний хлоридінің NН4СІ кристалдарын салады. Стақанда біртіндеп қыраумен жабылған өсімдікке ұқсас кристалдар өсе бастайды.
Pb(NO3)2 + 2NН4СІ = PbСІ2 + NН4NO3 Міне осындай реациялар арқылы қысқы пейзаж бейнесін алуға болады.
Химиялық ірімшік
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
химиялық стақан
ерітілген барий хлориді немесе қорғасын нитратының сулы ерітіндісі
калий сульфатының сулы ерітіндісі
Тәжірибе барысы: Ерітілген барий хлориді немесе қорғасын нитратының сулы ерітіндісіне ерітілген калий сульфатының сулы ерітіндісін қосады. Сол кезде реакция жүріп, барий сульфатынан немесе қорғасын сульфатынан тұратын іркілдек ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. Ол біртіндеп стақанның түбіне тұнады.
Реакция теңдеуі: BaCl2 + K2SO4 = BaSO4↓ + 2KCl