Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет17/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)

14-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Тамақ өнімдерін талдау»
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғыға орнатылған сынауық, пышақ, тасызғыш, сүзгі қағазы, кәрленнен жасалған келі, қысқыш, дәке (12*12см), спиртшам, сіріңке, таза бензин, 0,1%-тік йод ерітндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, мыс (II) сульфаты ерітіндісі, ұн, туралған ет, жаңғақ, стақанға құйылған су.
Жұмыстың орындалуы.
Етте нәруыз бар екенін анықтау. Сынауыққа 1 г майдаланған етті салыңдар да, оның үстіне 1/3 бөлігіндей су құйып, бірнеше минут қайнатыңдар. Ерітіндіден 2 мл таза сынауыққа құйып, оның үстіне 2 мл сілті ерітіндісін қосып, 3-4 тамшы мыс (II) сульфатын тамызыңдар. Пайда болған күлгін түс нені көрсетеді?
Тамақ өнімдерінен майды бөлу. Сынауыққа 2 см етіп ұн салыңдар да, оның үстіне 3 мл бензин құйып, 1-2 минут бойы шайқаңдар. Сұйықтықтың бірнеше тамшысын сүзгі қағазға тамызыңдар. Бензин ұшып кеткенше күтіңдер. Сүзгі қағаздың бетінде майлы тамшы қалғанын байқайсыңдар.
Жаңғақтың құрамында май бар екенін анықтау үшін оны кәрлен келіге салып ұнтақтайды. Ұнтақталған жаңғақты қағаздың бетіне салыңдар. Қағаз беті майланады.
Ескерту. Бұл көрсетілген тамақ өнімдерінен басқа да тамақ өнімдерін пайдалануға болады. Мысалы, жүзім, қарбыз, т.б.

15-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысты анықтау»
Органикалық заттардың класаралық генетикалық байланысын пайдаланып, берілген заттардан бірнеше басқа заттар алу.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: металл тұрғы, сынауық, шыны, таяқша, ұшы иректелген мыс сымы, қысқыш, газ өткізетін түтік, натрий хлоридінің кристаллы, 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, бром суы, 0,1%-тік калий перманганатының ерітінідісі, концентрлі күкірт қышқылы, этил спирті, 70%-тік сірке қышқылы, мұнай және өсімдік майымен № 1-, 2- сынауықтар.
Жұмыстың орындалуы.
№ 1- және 2- сынауықтардағы мұнай және өсімдік майының: а) физикалық қасиеттерін анықтаңдар; ә) бұл заттардың органикалық қосылыстарға жататынын дәлелдеңдер;
Этанолдан: а) алкен; ә) альдегид алыңдар. Химиялық реакциялардың теңдеуін құрастырып, рекацияның жүру жағдайын көрсетіңдер. Осы заттардың түзілгенін қалай дәлелдеуге болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет