Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет12/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)

9-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу»
Жұмыстың мақсаты: қанықпаған көмірсутектердің, үлкен молекулалық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің, спирттердің, карбон қышқылдарының өкілдерңн анықтау барысында оқушылардың білімдерін жүйелеп, таным-ой әрекеттерін, икемділіктерін дамыту.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, спиртшам, этил спирті, күкірт қышқылы, ас тұзы, глицерин ерітіндісі, мыс гидроксиді, натрий түйіршігі, темір (III) хлориді, калий пермангантының ерітіндісі, құмырсқа, сірке қышқылдары, күміс (I) валентті оксидінің аммиактағы ерітіндісі.
Мұғалім жұмыстың мақсатын және оны орындауға қойылатын негізгі талаптарды анықтау үшін қысқаша әңгіме өткізеді. Содан соң оқушылар өздігінен эксперименттік есептерді орындайды.
1 – нұсқа
Стеарин қышқылының құрамында көміртек және сутек элементтері бар тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.
2 – нұсқа
Нөмірленген үш сынауықта әртүрлі заттар берілген: а) этанол ерітіндісі; ә) кір сабын ерітіндісі; б) формалин.Әрбір заттың қай сынауықта екенің табындар.

3 – нұсқа
Екі сынауықтың біреуінде формальдегидтің ерітіндісі,екіншісінде – глецерин ерітіндісі берілген. Бір реактивтің көмегімен қай сынауықта қандай зат құйылғанын табыңдар

4-нұсқа
Нөмірленген төрт сынауықта әр түрлі қосылыстар құйылған: а)гексан; ә)этанол; б)құмырсқа қышқылы ерітіндісі;в)глицерин ерітіндісі.Қай заттың қандай сынауықта екенің анықтандар.

10-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сірке қышқылының спирттермен әрекеттесуі»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларға сірке қышқылы мен этил спиртінен күрделі эфир түзілуі кезіндегі этирификация реакциясының іс жүзінде жүруін дәлелдеткізу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: концентрлі сірке қышқылы, этанол, концентрлі күкірт қышқылы, натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісі, су спиртшам, салқындатқыш түтігі бар сынауық.
Мұғалім әдеттегідей оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады. Оқушылардың практикалық жұмыс жасауда қалыптасқан икемділіктерін ескере отырып, өздігінен тәжірибе орындауына көңіл бөлу керек.
Мұғалім төмендегідей нұсқау бере алады:
Сынауыққа 1 мл этил спиртін 1 мл сірке қышқылын және 0,5-1 мл күкірт қышқылын құйып, араластырады. Штативтегі сынауықты ауасалқындатқыш түтігі бар тығынмен бекітіп, су сеңгілінде 6-10 минут қыздыру керек.

Мұғалім тәжірибе нәтижесі дұрыс шығуы үшін төмендегідей алгоритм ұсынады:



  1. Құралды құрастыру.

  2. Қоспаны дайындап, су сеңгілінде қыздырғанда сақ болу.

  3. Су сеңгілінде 6-10 минут қыздыр.

  4. Қоспаның қайнап кетпеуін бақыла.

  5. Сұйықтық суығаннан кейін су немесе ас тұзының ерітіндісін қосып араластыр.

  6. Иісіне көңіл бөл.

  7. Әрбір сұйықтықтың құралдың қай бөлігіне жиналғанын бақыла.

  8. Реакция теңдеуін жаз.

Мұғалім сабақ барысында оқушыларға төмендегі біліктердің қалыптасуына көңіл бөлгені жөн: берілген көлемдегі қоспаның даярлау құралды дұрыс құрастыра білу, қауіпсіздік ережесін сақтау, реакция теңдеуін жаза білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет