3.1 Биогенді (IV – VI топ) элементтерді оқытудағы факультативтік сабақты ұйымдастыру Өзім іс-тәжірибеден өткен кездегі жүргізілген зерттеу жұмысы химиялық талдау негіздері курсының мазмұны мен осы оқыту әдістемесіне факторлардың: химия зертханасында едәуір ұзақ уақыт жұмыс істеу, көптеген жұмыстарды өз бетімен орындау, қосымша білімді игере білу, білудің жаңа әдістерін қолдану мүмкіндіктері әсерімен болады. Қазіргі кезде химиядан жүргізілген элективті курстардың кешенді бағдарламасы бар (кесте 2 ).
Химиядан жүргізілген элективті курстарды негізінен үш топқа бөлуге болады. Жоғары денгейдегі элективті курстардың мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп, белгілі сағаттар бөлінген. Қолданбалы элективті курстар ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді.
Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді. Арнаулы курс факультативі химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді. Арнаулы курстар мен қолданбалы химия элективті курстары республикамыздың белгілі аудандарының жағдайына сәйкестендірілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Кесте 3. Элективтік курстардың кешенді бағдарламасы
Менің бітіру жұмысым жоғары деңгейлі элективтік курсқа жататын Сыныптан тыс сабақ «Биогенді элементтер және химиялық –экологиялық ұғымдарды қалыптастыру». Бұл элективтік курс сегізінші сыныптағы негізгі тақырыптарды тереңдетіп оқытуды қарастырады[55-56].
Элективтік курстың тақырыбы: «Биогенді элементтерді (IV-VI топ)» оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оқушыларда химиялық – экологиялық ұғымдарды қалыптастыру.