Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
1.Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; 2.оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; 3.оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; 4.өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; 5.оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап, түсінуге үйрету; 6.оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 7.оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; 8.оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Оқу үрдісі кезінде өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуда баға жетпес құралдардың бірі -өтілген сабақтар мен айтылған мәселелерді айналаны қоршаған ортаның шындығымен байланыстыра, сәйкестендіре білу. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы –жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындау қажет:
өз бетінше істелетін кез келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек;
өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс.Яғни, оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсеңдемейтіндей болуы
7
керек;
өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсінетіндей етіп ұйымдастыру қажет. Өз бетінше жұмысты дағдыландыру үрдісі кезінде мұғалім оқушылардың жұмыстың жаңа түрлерін белсене игеруіне күш салады. Сонымен қатар осы мерзімде олардың қол жеткенге масаттанып қанағаттанушылығына, іздену мен үйренуді тоқтатуына жол берілмегені жөн. Яғни, бұл арада лоардан бұдан да жоғары дәрежедегі дербестікті талап ететін кезекті жұмыс түрлерін біртіндеп игере беруін, жақсы өнегелі істерді бойларына сіңіруін қадағалау шарт[10-13].
Оқушыларға тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі –олардың бойында өз бетінше ойлау жүйесін қалыптастыру. Мектеп оқушыларды жүйелі білім алу тәртібіне және өз бетінше білімін толықтыруға, ғылыми ақпараттарды жетік әрі тез игере білулеріне жол аша білуге әзірлеуі керек. Бұл үшін оқу жұмысында тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пайдалы іске деген талпынысын ояту қажет.