Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру


ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ



бет8/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
1.4 ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

1.Байқау
2.Оқу эксперименттері


3. Есеп шығару
4.Оқулықтармен жұмыс
Байқау — белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кең тараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Байқау әдісі әрі жүйелі, әрі мақсатты үрдіс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғылыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйымдастырылмаған және жоспарлы түрде жүргізілмейтін қарапайым байқаудан өзгеше болып келеді. Ғылыми байқау үрдісінде аса сақ, дәлме-дәл болып байқалатын объектіге ешқандай бұрмалау жасамау керек. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мысалы, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, сыналушының сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін диктофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісі нәтижелі болып шығуына қажетті кейбір шарттар:
1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа үлгерімі нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының ерекшеліктерін білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, кейін оған мұқият талдау жасау басты фактілерді сұрыптап алу — осы әдіске қойылатын негізгі
талаптардың бірі. Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты сол сыналушыға қатысы барлармен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін дамыту үшін нақты жұмыстар белгіленеді. Байқау кезінде адамның мінез-құлқын дұрыс Түсіне білудің де маңызы үлкен. Қазіргі кезде күнделікті іс-тәжірибемізде де, белгілі ғылым салаларында да объективтік байқау әдісі қолданылады.
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет