Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


Мақсаты: Термохиялық есептеулерді жүргізу әдісмен таныстырып, осы тақырыпқа есеп шығаруды үйрету Жоспар



бет14/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

Мақсаты: Термохиялық есептеулерді жүргізу әдісмен таныстырып, осы тақырыпқа есеп шығаруды үйрету
Жоспар:
1 Термохимия тақырыбына шығарылатын есеп түрлері
2. Есептер шығару әдістері

Термохимия тақырыбына есептер шығару.


Термохимияның 1 заңы Лавуазье –Лаплас заңы. Жай заттар қосылып күрделі зат түзгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері сол зат қайта ыдырағанда сіңірілетін не бөлінетін жылу мөлшеріне тең. Немесе тура реакцияның жылу эффектісі кері реакцияның жылу эффектісіне тең.
ІІ заң-Гесс заңы. Реакцияның жылу эффетісін гесс заңы арқылы есептеуге болады. Химиялық реакцияның жылу эффектісі химиялық реакцияның жүру жолына байланыссыз тұрақты болады.
Термохимиялық теңдеулерді алгебралық теңдеулер сияқты қосып алуға болады. Химиялық реакцияның жылу эффектісін есептеуде түзілу жылуы мен жану жылуы маңызды рөль атқарады.
Химиялық реакцияның жылу эффектісі түзілген заттардың жылу эффектісінің қосындысынан бастапқы заттардың жану жылуының қосындысын шегергенге тең.
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер (стехиометриялық есептеулер) зат массасының сақталу заңына негізделген. Дегенмен нақты жағдайда химиялық реакцияның толық аяғына дейін жүрмеуі себепті, реакция жүруі барысында заттың массасының біраз бөлігі жоғалуы мүмкін. Яғни реакция нәтижесінде шыққан зат массасы нақты шығу керекті мөлшерінен аз болады. Реакция өнімінің шығымы – бұл нақты шыққын өнім массасының шығуға тиіс өнім массасына қатынасымен өрнектелетін шама.
 = mн(Х)100/m(Х)
- өнім шығымы, m (Х) – Х затының есептелген массасы
mн(Х) – нақты процесте алынған зат массасы.
Егер есеп шартында реакция өнімінің шығымы көрсетілмесе шығым 100 пайыз деген сөз.
Есеп-1:
Темірді темір (ІІІ) оксидінен алюминиймен тотықсыздандырып аламыз. 140 г. темір алу үшін қанша темір (ІІІ) оксиді және қанша алюминий алу керек?
Есептің шешуі. (1-әдіс)
Алдымен реакция теңдеуін жазамыз:

Алуға тиісті темірдің зат мөлшерін анықтаймыз:

Реакция теңдеуінен 2 моль темір алу үшін 1 моль темір (ІІІ) оксиді және 2 моль алюминий қажет, яғни:
. Осыдан алатынымыз:
моль; моль.
Енді алюминий мен темір оксидінің қажетті массасын анықтаймыз.
г.
г
2-әдіс.
Есепті пропорция құру арқылы да шығаруға болады.
Реакция теңдеуі бойынша 2 моль темір алу үшін 2 моль алюминий қажеттігі көрініп тұр. Соны белгілеп жазамыз:
112г Ғе алу үшін 54 г Al қажет
140 г Ғе -------- х г Al қажет
пропорция құрамыз:
, осыдан табатынымыз х= .
Реакция теңдеуінен 2 моль темір алу үшін 1 моль темір (ІІІ) оксиді қажет екенін көреміз. Жазамыз:
112 г Ғе алу үшін 160 г
140 г Fe ----------- m г
Пропорция құрамыз: 112/160 = 140/m ( ) осыдан табатынымыз m( )= г. Көптеген стандартты есептеулерде оны шешуге арналған мәліметтер есептің берілісінде беріледі. Мұндай жағдайда есепті шығару әдісін іздемей кезең-кезеңмен белгілі формулаларды қолданып есептеу жүргізіледі

5 Дәріс тақырыбы: Ерітінділер және ерітінділерде өтетін процестерге есептер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет