Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері



бет32/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

1-мысал. 93,5 мл суда 18г тотияйын ерітілді. Оған 200мл 2,48%-тік натрий сілтісінің ерітіндісі (р=1,03) қосылды. Алынған ерітіндідегі сілтінің массалық үлесін процентпен табыңдар.
Шешуі: Берілгені:
V(Н2O) = 93,5 мл
w% (NаОН) = 2,84
m (СuSО4 ∙ 5Н2О) = 18г
V(NаОН ерітінді) = 200 мл
р (NаОН) = 1,03 г/мл
1. Тотияйын ерітіндісінің массасы: m = 93, 5г + 18 = 111,5 г.
2. 18г тотияйындағы сусыз тұздың массасы (СuSO4 ∙ 5Н2О) – СuSO4
250 160
250г СuSО4 ∙ 5Н2О да 160г СuSО4
18г СuSО4 ∙ 5Н2О хг 160г СuSО4 бар.
250г : 18г = 160г : х
3. Натрий сілтісі ерітіндісінің массасы
m = (NaОН) = 200мл ∙ 1,03г/мл = 206г.
4. Осы ерітіндідегі сілтінің массасы

5. 11,5г мыс сульфатымен әрекеттесуге жұмсалатын сілтінің массасын табу
СuSО4 + NаОН = Сu(ОН)2 + Nа24
160 80
160г СuSО4 – 80г NаОН
11,5г СuSО4 – хг
160г : 11,5г = 80г : х
х = 5,75г NаОН
6. Сілтінің артық массасы m(NаОН) = 5,85г – 5,75 = 0,10г
7. Сілтінің ерітіндідегі масса үлесі

2-мысал. Таразы табақтарына қойылған екі ыдысқа тұз қышқылының ерітіндісі құйылып теңестірілді. Бір табақтағы ыдысқа белгісіз бір карбонат тұзының 28,2г толық ерітілді. Теңесііру үшін екінші ыдысқа 19,7г барий карбонаты салынды. Белгісіз карбонаттың химиялық формуласы қандай?
Шешуі: Берілгені: m(х карбонат) = 28,2г.
m(ВаСОз) = 19,7г
Т/к карбонаттың формуласы
1. 19,7 барий карбонатынан бөлінетін СО2 массасын табу.
BaCO3 + 2HCl = BaCl2 + H2O
197 44
Талқылау: 197г ВаСО3тен – 44г СО2
19,7 ВаСОзтен – хг СО2
197г : 19,7г = 44г : хг – х = 4,4г
2. Карбонаттың теңестіруге кеткен массасы:
m = 19,7г – 4,4г = 15,3г
3. Белгісіз карбонаттан бөлінген СО2 массасы
m = 28,2г – 15,3г = 12,9г СО2
4. Белгісіз карбонаттың мольдік массасы
12,9г СО2 – 28,2г бөлінсе,
44г СО2 – хг бөлінеді.
12,9г : 44г = 28,2г : х
х = 96,19г
5. m(СО32-) = 60г Белгісіз карбонагтағы катионының массасы
m = 96,19г – 60г = 36,19г
6. Бірінші топтан бастап металдар катионының массасын 36,19г салыстырамыз. Ешқайсысы сай келмейді. Металға жатпайтын катиондарды қарастырамыз. Солардың ішінде аммоний катионы сәйкес келеді.
m(NH4+) = 18 m[(NH4)2CO3] = 36
7. Жауабы: Бір табақтағы ыдысқа аммоний карбонаты салынған, формуласы: (NН4)2СО3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет