Химиялық байланыс § 1 Химиялық байланыс туралы ұғымның дамуы



бет8/12
Дата17.10.2019
өлшемі1,55 Mb.
#50201
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лекция -4

σ -байланыс түзіледі, π-байланысы гибридтенуге түспеген электрондар есесінен болады.

Период бойынша (басынан соңына қарай) сыртқы энергетикалық деңгейдегі (байланысқа түсетін) s және p электронларының энергия айырмашылықтары артады. Мысалы, ІІІ-период элементтері үшін 3s және 3p электрондарының энергия айырымдары(эв): Si(7), P(8.6), S(10), Cl(12.3). Осыған байланысты мынадай тэтраэдрлік иондардағы SiO42- – PO43- , SO42-, ClO4- sp3 – гибридті орбиталь түзу бейімділігі кемиді, олай болса, ионның тұрақтылығы да кемиді. Орталық атомның радиусының артуына байланысты гибридтелген электрон бұлтының тығыздығының кемуі мына қосылыстарда NH3 – РН3 – AsH3 – SbH3 байланыс бұрыштарының өзгерісіне және sp3 гибридтенудің үлесінің азаятындығына мысал бола алады. Төменде келтірілетін мына қосылыстардағы байланыс бұрыштардың өзгерісі жоғарыдағы себептен болады: NH3 (1070), PH3 (940), AsH3 (920), SbH3 (910).

Электрондық бұлттардың кеңістікте таралуы және оның байланыс түзген сәтте қабаттасу тәсіліне байланысты σ ,– π, – δ – байланыстар деп бөлінеді.



Атомдардың байланыс түзетін электрон бұлттары сол атомдардың орталықтарын жалғастыратын сызықтың бойымен түйісіп, қабаттасуынан болатын байланысты σ байланыс деп атаймыз.

Сурет 4.6. σ-байланысы түзілуі кезіндегі электрондық бұлттардың қабысуы



Егер электрон бұлттары сол байланыс түзетін атом орталықтарын жалғастыратын сызыққа перпендикулярдың бойымен қабаттасып, байланыс түзсе, оны π-байланыс деп атайды.



р - р (π)

р - d(π)

d - d(π)

d - d(δ)

Сурет 4.7.  және δ- байланыстары түзілуі кезіндегі электрондық бұлттардың қабысуы

Ал параллель жазықтықтарда орналасқан d-орбитальдары өзінің беттік аудандарымен байланысса δ - байланыс түзеді.

Электрондық бұлттарының қабысу ауданы ядродан қашық орналасқандықтан π-, δ -байланыстары σ – байланысқа қарағанда әлсіз (беріктігі төмен) болады, сондықтан заттар реакцияласу кезінде алдымен осы байланыстар үзіледі. Бұлар атомдар арасындағы қайталанған байланысты қосылыстарда болады.

Бензол (С6Н6) молекуласындағы көміртектің төрт валенттілігін көрсету мақсатында Кекуле ұсынған формуласы бойынша үш көміртек арасында қос, қалғанында – дара байланыс болуы тиіс:

Ал, рентгенструктуралық зерттеулер бойынша бензол молекуласындағы алты көміртек атомы бір жазықтықта, ара қашықтықтары – 1,4А0; олай болса, бензол сақинасында 3π, 3σ байланыстың болмағаны.Оның орнына 6σ, барлық атомдарға ортақ 6 электроннан тұратын локализацияланбаған (белгілі бір тұрақты орны жоқ) π - байланыстың болғаны, сөйтіп, бензолға мынадай екі резонанстық формула ұсынуға болады:


СН

СН

НС

СН

СН

НС





СН

НС

СН

НС



СН

СН

Заттың қасиетін көрсету мақсатында келтірілетін формулаларын резонанстық формулалары деп атайды.

Осындай мысалды өзімізге белгілі (СО2) көмір қышқыл газының молекуласына да жазуға болады екен.

Байланыстың гибридтену типін білу қосылыстың кеңістік құрылысын анықтауға мүмкіндік береді.

Енді қосылыстың кеңістіктік (структуралық) формуласын құру жоспарын (алгоритм) келтірейік:

1. Формула бойынша элементтің валенттілігін анықтау.

СО2 – С (IV) ,O (II)

2. Графикалық (құрылымдық) формуласын жазу.




О

С

О


3. Орталық атомның валенттілік электрондарының формуласын жазу:

С: 2s2 2p2,

4. Орталық атомның валенттілігіне сай оның қозған күйдегі электронды-құрылыс формуласын жазу:

С*

5. Байланыс түрлері мен санын анықтау: 2σ, 2π.

6. π-байланысын энергиясы жоғары гибридтенбеген электрондар түзеді деп есептеп, электрондарды байланыстарға тағайындау:


σ

σ

π

π

7. Гибридтенуге тек σ-байланысын түзетін электрондар түсетіндігін ескеріп, гибридтену типін анықтау: sp, байланыс бұрышы – 1800.

8. Қосылыстың кеңістіктік формуласын жазу:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет