Аррениус теңдеуі – реакция жылдамдығына температураның әсерін дәлірек көрсетеді.
Аррениус теңдеуі – реакция жылдамдығына температураның әсерін дәлірек көрсетеді.
k = A · e –Ea / RT
Еа- активтендіру энергиясы – реакцияға түсуге керекті, әрекеттесуші молекулалардың бір молі түзілуіне энергия.
Ea = InKT2 / KT1RT2T1 / T2 – T1
Химиялық реакциялардың кинетикалық классификациясы. Химиялық кинетикада барлық реакциялар екі кинетикалық белгісімен классификацияланады: молекулалығымен және ретімен.
Химиялық реакциялардың кинетикалық классификациясы. Химиялық кинетикада барлық реакциялар екі кинетикалық белгісімен классификацияланады: молекулалығымен және ретімен.
Реакцияның молекулалығы – реакция кезінде әрбір қарапайым актіге қатысатын молекулалар саны.
Реакцияның молекулалығы бүтін сандар ғана бола алады.
Реакция жылдамдығының,әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелділік теңдеулерін кинетикалық теңдеулер деп атайды. Қарапайым реакцияларда реакцияның молекулалығы мен реті бірдей болады, ал күрделі реакцияларда бір-біріне сәйкес келмейді.
Күрделі реакциялар - бірнеше жәй реакциялардың жиынтығынан тұрады.Оларға қайтымды, жалғас, параллель, іліктес, тізбекті реакциялар жатады:
а) қайтымды реакциялар - екі бағытта да жүретін реакциялар:
v1 = v2 болғанда реакция химиялық тепе – теңдік жағдайда болады.
б) жалғас реакциялар - бірінен кейін бірі жүретін, бірнеше сатыдан тұратын реакциялар.Реакцияның жылдамдығы мен ретін ең баяу жүретін сатысы арқылы анықтайды: