Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін маңызды факторларға: әрекеттесуші заттардың табиғаты, олардың концентрациясы, температура жатады. Гетерогенді реакцияның жылдамдығы реагенттердің жанасу бетіне тәуелді болады.
Формуласы
Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционал.
Жалпы А + В = С теңдеуі бойынша жүретін реакциялар үшін бұл заң мынадай теңдеумен өрнектеледі.:
ν = k САСВ
Мұндағы СА және СВ – А және В заттарының концентрациясы, моль/л, k – жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффицент. Бұл заңды көбінесе әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Бұл заңды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрелік.
Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі.
Химиялық реакция жылдамдығын көрсететін химияның бөлімін кинетика деп атайды.
Химиялық реакция барысы – реакцияға қатысақан заттар молекуласындағы атомдардың қайтадан бірігіп түзілген зат молекуласына айналыу барысы. Көне байланыстың ұзіліп, жаңа байланыстың қалыптасуы реакцияға қатысқан заттардың молекуласы(иондары) өзара соғылысуы арқылы жүзеге асады, егер реакцияға қатысқан заттың молекулалары (иондары) өзара жанаспаса, соқтығыспаса химиялық реакцияның пайда болыуы мүмкін емес, сондықтан, реакцияға қатысқан зат молекуллалар арасындағы соқтығысу – реакцияласудың алғы шарты.
Реакцияға қатысқан заттың концентрациясы артса, бірлік көлемдегі молекула саны көбейеді, активті молекула саныда сайкес артады.
Гетерогенді реакциялардың кинетикалық теңдеуіне қатты күйде болатын әрекеттесуші заттардың концентрациясы кірмейді, өйткені олардың концентрациясы түрақты. Гетерогенді реакциялар ауданы іс жүзінде өзгеріссіз қалатын бетте жүреді.
Химиялық реакциялардың түрлері
Тек карапайым реакциялар әрекеттесуі массалар заңына бағынады. Күрделі реакцияларға Карағанда карапайым реакциялар едәуір аз. Күрделі реакциялар жеке жай сатылардан тұрады. Күрделі реакциялардың тізбектесе жүретін сатыларының әрқайсысы әр түрлі жыл¬дамдық константаларымен сипатталады және реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділгін, әдетте тәжірибе жүзінде анықталды.