Химиялық реакциялардың энергетикасы мен бағыты


І. Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма



бет3/3
Дата22.05.2022
өлшемі31,94 Kb.
#144685
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ сабақ№2

І. Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма:
1. Оқу бағдарламасының материалдарын талқылаңыз. Жұмыс (А)
2. Жекелеген заттардың және көп компонентті жүйелердің ішкі энергиясы мен энтальпиясы. Стандартты жағдайлардағы ішкі энергиясы мен энтальпиясы. (∆U°298, ∆H°298). Тұрақты температура мен қысым (Qp) немесе көлем (Qv) негізіндегі химиялық реакциялардың жылуы. Термохимиялық теңдеулер. Заттардың стандартты жағдайдағы еру, жану, ыдырау, түзілу энтальпиялары (∆H°еру, ∆H°жану, ∆ H°ыдырау, ∆ H°түзілу)
3. Гесс заңы. Химиялық реакциялардың және физикалық –химиялық өзгерістердің (заттардың еру процесінің, қышқылдар мен негіздердің диссоциацияларының) стандартты энтальпияларын Гесс заңы негізінде есептеу.
4. Жүйенің ретсіздігінің өлшемі-энтропия (S) туралы түсінік. Больцман теңдеуі. (S=K·LnW)
5. Гиббс энергиясы химиялық процестердің өздігінен жүруін және термодинамикалық тұрақтылығының критериі ретінде. Заттардың стандартты түзілу, айрылу және жану жылулары.


ІІ.Бақылау сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жүйенің жылулығы немен сипатталады? Оған әсер ететін факторлар.

  2. Қандай жағдайды стандартты деп атаймыз?

  3. Жүйенің ретсіздігін не сипаттайды? Оның физикалық мәні?

  4. Термодинамика дегеніміз не? Термодинамикалық жүйе деген не? Қай жүйелер оқшауланған, жабық, ашық деп аталады?

  5. Термодинамиканың бірінші заңы, оның математикалық өрнегі? Гесс заңы және оның салдары?

  6. Еру, бейтараптану жылуы. Тұз ерігенде жылудың бөлінуін немесе сіңірілуінің физикалық мағынасы.



ІІІ. Жазбаша есептерді шығарыңыз?
1. Төменде келтірілген термохимиялық теңдеу бойынша кальций фосфатының стандартты түзілу энтальпиясын анықтаңыз. 3CaO(k) +P2O5(k)=Ca3(PO4)2 ∆ H°=-739 кДж ∆ H°(CaO)=-635.5 кДж/моль ∆H°(P2O5)=-149 кДж/моль
Жауабы:-2794,5 кДж/моль

2. Кальций карбонатының айырылу реакциясының жылу эффектісін табыңыз. CaCO3(k) CaO(k) + CO2(г), егер ∆H°CaO=-635.5кДж|моль ∆H°CaCO3=-1208.6кДж/моль 8H°CO2=-409.5кДж/моль

3. Ацетиленнің жану реакциясының теңдеуі.


2C2H2(г)+5O2=4CO2(г)+2H2O(г). Реакцияның жылу эффектісін есептеңіз, егер 1л ацетилен жанғанда 58,07 кДж жылу бөлінсе.
Жауабы: 1300,7 кДж/моль
4. Төменде келтірілген термохимиялық теңдеуді пайдаланып сутегі асқын тотығын түзілу жылуын табыңыз: H2O2=H2O(C)+1/2O2(Г)+98/2кДж H2(Г) +1/2O2(Г)=H2O(C) +282 кДж
Жауабы: 183,8 кДж/моль

5. Төменде келтірілген реакцияның жүру бағытын анықтаңыз (Гиббс энергиясы бойынша):


Al2O3(K)+2SO3(Г)=Al2(SO4)3(K) егер: ∆G° (Al2O3)=-1576,4 кДж/моль ∆G° (SO3)=-370,4 кДж/моль
∆G° (Al2(SO4)3)=-3091.9 кДж/моль
Жауабы: реакция тура бағытта жүруі мүмкін

6. Төмендегі реакцияның өздігінен жүру мүмкіндігін анықтаңыз (энтропия бойынша):2С(графит)+3Н2(г) = С2Н6(г)


егер: S°С(графит)=5,44 кДж/моль·°К
S°Н2= 130,6 кДж/моль·°К
S° С2Н6=229,5 кДж/моль·°К
Жауабы: реакция тура бағытта жүрмейді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет