Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары


Реакция тәртібі мен молекулярлығы



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата25.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#199252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
file

Реакция тәртібі мен молекулярлығы. 
Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына 
байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, 
би- және үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді.


Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі реагенттердің 
концентрацияларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы. Осыған 
сәйкес бірінші, екінші, үшінші, бөлшекті ретті реакциялар болады. 
Химиялық-технологиялық үдерістердің кинетикасы 
Химиялық термодинамика химиялық реакциялардың жүру бағытын 
анықтауға және реакциялық жүйенің тепе-теңдік күйін бағалауға 
мүмкіндік береді. Химиялық технологиядағы химиялық өзгерістердің 
жылдам жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция 
өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен реакторлардың типтерін 
дұрыс таңдауда және олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу 
сияқты практикалық мәні бар сұрақтарға жауап бермейді. Сондықтан 
химиялық-технологиялық үдерістерге химиялық кинетиканың 
заңдылықтарын қолдану керек. 
Химиялық кинетика дегеніміз химиялық процесс және оның 
механизмі мен уақыт бірлігіндегі жүріп өту заңдылықтарын зерттейтін 
ғылым.
Химиялық реакцияның жылдамдығы – бірлік фазада (гомогенді 
реакциялар үшін) немесе фазалардың бөліну бірлік бетінде 
(гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль 
сандарының өзгеруі. 
Химиялық реакциялардың стехиометриясы 
Өнеркәсіптік химиялық-технологиялық үдерістердің негізіне жататын 
химиялық реакцияларды өрнектеу үшін химияның негізгі заңдары – 
стехиометрия заңдары, химиялық тепе-теңдік және химиялық 
кинетика қолданылады.
Стехиометрия – әрекеттесуші заттардың массалары немесе 
көледерінің арақатынасы туралы ғылым. Стехиометрия негізіне – 
массалар сақталу, эквиваленттік, Авагадро, Гей-Люссак, 
құрамтұрақтылық, еселі қатынас заңдары жатады. Реакцияға 
қатысатын заттардың арақатынасы стехиометриялық деп аталады.
Реакцияның стехиометриялық теңдеуі массалар сақталу заңы негізінде 
жазылады. 
3.
Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық 
элементтері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет