•
техникалық
Химиялық шикізаттарға мынадай талаптар қойылады:
- өндірістік процестің аз сатылы болуы;
- процестің ыңғайлы жағдайларда жүруін туғызатын, энергияның аз
шығынына жеткізетін агрегаттық жағдайының болуы;
- келген энергияның аз жоғалуы;
- мүмкіндігінше процестің төменгі температурада жүруі;
- реакциялық қоспада көзделген өнімнің ең жоғарғы қүрамда болуы.
Химиялық шикізатты тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарына
мыналар жатады:
- арзанырақ шикізатты пайдалану (мүмкіндігінше жергілікті
шикізатты);
- екінші материалдық қорларды пайдалану (қалдыкдар, жанама
өнімдер жэне т.б.);
- концентрациясы төменірек шикізатты пайдалану;
- шикізатты кешенді түрде пайдалану, яғни шикізат қүрамындағы
барлық қүнды компоненттерді ең жоғарғы дәрежеде бөліп алу жэне
оларды пайдалану;
- тағамдық шикізатты тағам еместікке ауыстыру;
-төменгі РПИ көрсеткіші бар шикізаттардан жасалған альтернативті
материалдарды қолдану;
- шикізаттың рециркуляциясы, яғни бұйымдарды пайдалану мерзімі
өткеннен соң, істен шыққан немесе моральдық ескіруге үшыраганнан
кейін қайта өңдеу
9.
Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері.
Кез келген пайдалы қазбаларда белгілі бір өндіріс үшін керек емес
қоспалар-бос жыныстар болады. Пайдалы қазбалар металлургиялық
зауодтарға немесе химиялық өндіріске түспей тұрып, алдын ала
өнделеді. Өнделген өнім мемлекеттік немесе ГОСТ стандартқа сай
болуы қажет.
Шикізатты алдын ала өңдеу механикалық өңдеулер жатады:
1)
Достарыңызбен бөлісу: