Іріктеу
- минералдарды ортақ химиялық немесе физикалық
қасиеттеріне байланысты бөлу.
2)
Шикізатты ұсақтау.
Өндірісте кен кесектерінің белгілі
өлшемдерін қажет етеді, сондықтан үлкен кесектерді ұсатады, не ұсақ
бөлшектерді престеп немесе қосу арқылы кесектетеді.
3) Кесектеуді өте ұсақ немесе шаң тәріздес шикізаттарды кесектеп ,
престеп жасаса-
брикеттеу
деп атайды. Егер шикізатты брикеттен
үлкейтсе,
агломерация
деп атайды, алынған кесектерді агломерат
дейді.
4)
Байыту
-пайдалы шикізаттың концентрациясы артады.
.Шикізатты дайындау- байыту процесінің бөлігі болып табылады.
5)
Сусыздандыру
- шикізаттан суды жоғалту процесі.
Байыту процесін 3 түрге бөледі: механикалық, физика-химиялық
(флотационды) және химиялық.
Механикалық
әдіс-кеннің әр бөлігінің физикалық қасиеттеріне
байланысты: өлшемі, тығыздығы, формасы (түрі), түсі, жарқырауы,
бет бөлігінің бұдыры, магнитке тартылуы, электрөткізгіштігі, сулануы
т.б.
Физика-химиялық байыту
әдісі шикізаттың жеке құрам бөліктерінің
сулануына немесе әр түрлі реагенттер мен еріткіштерде еруіне
негізделген. Кең көп тараған әдіске флатационды байыту жатады, ол
шикізаттың әр бөлігінің әр түрлі сулануына негізделген. Алтын, күміс,
басқа металдарды сынаппен өңдеп (амальгама), калий немесе натрий
цианидімен өңдеп (циандау), мысты күкірт қышқылында немесе
аммиакта ерітіп, бөліп алу т.б.
Химиялық әдіс
бойынша байыту шикізаттың әр бөлігінің химиялық
құрамының өзгеруіне негізделген. Бұл әдісте шикізат термиялық
өңдеуге (жағу) түседі; «балласт» өнімдер газ немесе шлак ретінде
жоғалтылады.
Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту
2.Электромагниттік байыту
3.Электростатикалық
4.Флотация -физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын
әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-
кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау
қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту
6.Химиялық байтыту
10. Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы.
Шикізатты рециркуляциялау.
Химия өнеркәсібі өте көп мөлшерде энергия қолданылатындықтан,
алынған өнімдердің құнына ерекше әсер етеді. Энергияны
экономикалық тиімді пайдалану − маңызды проблемалардың бірі.
Энергияның барлық түрлерін ұтымды пайдаланудың критерийі
энергияны пайдалану коэффициенті болып табылады.
Энергияны пайдалану коэффициенті – бірлік өнім алуға жұмсалатын,
теориялық есептелген энергия мөлшерінің практика жүзінде
жұмсалған энергия мөлшеріне қатынасына тең. Ол:
Kɷ
былай өрнектеледі.
Мұндағы, WТ , Wпр − бірлік өнім өндіруге теория бойынша және
практика жүзінде жұмсалған энергия мөлшері.
Көптеген өндірістерде энергия үнемсіз жұмсалады, сол себептен
пайдалану коэффициентінің мәні өте төмен болады. Сондықтан
пайдалану коэффициентін көтеру жолдарын іздестіру қажет. Іздестіру
жолдары екі топқа топтастырылған: энергия үнемдейтін
технологияларды жасау және өндірістік үдерістерде қолданылатын
энергияны жақсарту. Бірінші топты жүзеге асыру шаралары:
–
жаңа энергиялық-экономикалық технологиялық
сызбанұсқаларды жасау;
–
катализаторлардың активтілігін көтеру;
–
өнімдерді бөлу әдістерін энергияны аз қажет ететін әдістерге
алмастыру;
–
комбинирленген энергиялық-технологиялық сызбанұсқаларды
жасау.
Екінші топты жүзеге асыру шаралары:
–
аппарат бетінің сәулелену және тиімді жылу изоляциясы есебінен
жылу шығынын төмендету;
–
электрохимиялық өндірістердегі кедергі шығынын төмендету; –
екіншілік энергетикалық ресурстарды қолдану.
Химия өндірісінде барлық энергиялардың ішінде көп қолданылатыны
– жылу энергиясы. Оның пайдаланылу дәрежесі жылулық пайдалы
әсер коэффициентімен анықталынады.
Жылулық пайдалану әсер коэффициенті – негізгі химиялық реакцияны
жүзеге асыруға пайдаланылатын жылу мөлшерінің жалпы жұмсалған
жылу мөлшерінің қатынасына тең.
Химия өндірісінде реакциялық аппараттан шыққан газдардың,
сұйықтардың, қатты заттардың жылуын (жылу регенерациясы) және
газдармен сұйықтардың сығылу энергияларын (энергия
регенерациясы) қолдану химия өндірісінің негізгі міндеті.
Шығарылатын ыстық газдардың жылуын – реакциялық аппаратқа
түсетін материалдарды алдын ала қыздыруға немесе өндіріске қажетті
бу алу үшін қолданады. Бұл мақсатты жылу алмастырғыштар
(рекуператор мен регенератор) және утилизатор-қазандық арқылы
жүзеге асырады.
Пайдаға асыру немесе рециркуляция дегеніміз – ресурстерді қайта
балқыту немесе қайта өндеу арқылы жаңа өнім алу деген сөз. Мысалы,
шыныдан, алюминийден, мыстан жасалған бұйым.
Рекуператор (13-сурет) – кәдімгі цилиндрлі аппарат (2), ішіне
түтікшемен вальцирленген плита (1) орналастырылған. Реакциялық
аппараттан шығатын ыстық газдар рекуператордың түтікшелерімен
(3) өтеді, ал реакциялық аппаратқа жіберілетін суық газдар түтікше
аралық кеңістікпен қозғалады. Нәтижесінде жылу алмасу түтікше
қабырғасы арқылы жүзеге асып, ыстық газдар салқындайды да, суық
газдар қыздырылады.
Регенератор (14-сурет) – қондырмалармен толтырылған периодты
түрде жұмыс істейтін камера. Алдымен реакциялық аппараттан
шығатын ыстық газдар камера (1) арқылы өтеді. Газдар қондырмамен
(2) жанасып, оған жылуды беріп салқындайды, ал қондырма қызады.
Содан кейін ыстық реакциялық газдарды жіберу тоқтатылады да,
ыстық қондырма арқылы суық газдар жіберіледі. Суық газдар
қыздырылады да, қондырма салқындайды. Салқындатылған қондырма
арқылы ыстық газдар жіберіліп, үдеріс жалғастырылады. Үздіксіз
үдеріс жасау үшін екі регенератор орнатады. Бір камера
қондырмалардың қыздырылуына жұмыс істесе, екінші камера арқылы
суық газдар жіберіледі де, жылу алмасу жүреді. Белгілі бір аралық
уақытта газ ағысы автоматты түрде тоқтатылады. Регенераторлар 700-
8000С және одан жоғары температурасы бар газдар үшін
қолданылады. Төмен температуралық газдарды қолдану үшін
қосымша рекуператорлар орнатылады.
Утилизатор-қазандық (15-сурет) – шығарылатын газдардың жылуынан
бу алу үшін қолданылады. Ыстық газдар қазандықтың (3) ішіне
орнатылған түтікпен (4) қозғалады. Су қазандықтағы түтік аралық
кеңістікте штуцер (5) арқылы келеді. Алынған бу ылғал бөлгіш (2)
және вентиль (1) арқылы шығарылады.
11.
Достарыңызбен бөлісу: |