Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары


Химиялық қосылыстардың түзілу жылуы



бет6/18
Дата16.06.2022
өлшемі90,55 Kb.
#146677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Документ хим

Химиялық қосылыстардың түзілу жылуы
Гесс заңы бойынша, жай да қарапайым заттардан 1 моль химиялық қосылыстың түзілу жылуы (стандартты күйде, қысым мен температура мәні берілгенде) оны алу әдісіне тәуелсіз.
Химиялық қосылыстың түзілу жылулығы ∆Н0fосы қосылыстың жай заттардан түзілу реакциясының жылулық пәрменіне сандық теңдікте болады.
Термодинамикада стандарттық жағдай ретінде 250С (298 К) температура мен 101325 Па қысым қабылданған. Стандартты жағдайларда тұрақты, жай заттардан 1 моль заттың түзілу жылулық пәрменін, түзілудің стандартты энтальпиясы (жылулығы) (∆Н0f,298) деп атайды. Ондағы f” индексі ағылшынның “fоrmatiоn” – “түзілу” сөзінен алынған.
Термодинамикалық тұрақтылық күйіндегі кез келген жай заттың стандартты түзілу энтальпиясы кез келген температурада нөлге тең.
Бұл шама (өлшем) бірнеше мыңдаған заттар үшін белгілі бір дәрежедегі дәлдікпен анықталып, анықтамаларға жинақталған, олар кДж/мольмен өлшенеді.
Заттардың стандарттық жану энтальпиясы (∆Н0с,298) деп стандарттық жағдайда, тиісті жоғары оксидтерді түзе жүретін заттың бір молінің оттекпен тотығу реакциясындағы энтальпияның ∆Н0с,298 өзгеруін айтады. Мұндағы “с” индексі ағылшынның “cоmbustiоn” – “жану” сөзінен туындаған. Әдетте, бұл шаманы органикалық қосылыстарға қатынаста жиі қолданады, өйткені бейорганикалық заттардың басым көпшілігі жанбайды.
Кез келген температурада оттектің, сұйық судың, газ түріндегі көміртек диоксидінің және көптеген жоғары оксидтердің стандартты жағдайдағы жану энтальпиясы нөлге тең.
Термохимиялық есептеулер үшін Гесс заңының салдарын жиі пайдаланады, ол арнаулы өлшеулер жүргізбей-ақ, көптеген химиялық реакциялардың жылулық пәрменін анықтауға мүмкіндік береді.
Гесс заңының бірінші салдары жылулық пәрмені стехиометриялық коэффициенттерді ескеретін бастапқы заттардың түзілу энтальпиясы қосындысын шегерген реакция өнімдерінің түзілу энтальпиялары қосындысына тең.
Жай да қарапайым заттардың түзілу энтальпиясы нөлге тең.
Н0 = ∆Н0f,өнім - ∆Н0f, әуелгі заттар
Гесс санының екінші салдары: химиялық реакцияның жылулық пәрмені бастапқы заттардың жану жылулықтарының қосындысынан реакция өнімдерінің жану жылулығының қосындысын шегергенге тең.
Н0 = ∆Н0жану,баст.зат. - ∆Н0жану, өнім
Термохимиялық есептеулердің көмегімен химиялық байланыстардың энергиясын, кристалдық тордың энергиясын, молекулааралық әрекеттесудің энергиясын, еру және сольваттану (гидраттану) энтальпиясын, фазалық ауысулардың энергетикалық пәрменін т.б. анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет