Атом
Молекула
Элемент
Экивалент
Моль,мольдік масса
Атом
Атом молекулалық ілімінің негізі 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында жасалды. Ломоносов 1741 жылы шыққан “математикалық химия” деген еңбегінде атом молекулалық ілімінің негізгі қағидаларын былай тұжырымдады:
1) барлық заттар молекулалардан тұрады;
2) молекулалар атомдардан тұрады;
3) бөлшектер, атомдар, молекулалар үнемі қозғалыста болады;
4) жай заттардың атомы бір молекуладан, күрделі заттардың атомы бірнеше молекуладан тұрады.
Молекула
Молекула – заттың химиялық қасиетін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Атом – химиялық элементтің ең кіші бөлшегі. Әрбір химиялық элементке белгілі бір атомның жиынтығы сәйкес келеді. Атомдар бір-бірімен бірігіп байланысып молекула түзеді. Қазіргі анықтамасы: атом – оң зарядталған атом ядросынан және теріс зарядталған электрондардан тұратын электронейтрал бөлшек. Протондар мен нейтрондардың ортақ атауы нуклондар. Жалпы алғандағы атом электрлік бейтарап болғандықтан, электрондардың қосынды заряды ядро зарядына тең болуы керек. Элементтің реттік нөмірі атом ядросының зарядына тең және ядродағы протон санына тең және атомдағы электрон санына тең. Ядро массасы (және атом массасы да) протон (Z) саны мен нейтрон (N) санының қосындысымен анықталады. Бұл қосындыны атомның массалық саны (A) деп атайды A=Z+N.