«Хронофизиология және геронтологияның таңдаулы тараулары» пәні бойынша дәрістердің қысқаша конспектісі



бет14/15
Дата11.01.2023
өлшемі46,93 Kb.
#165319
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша

Созылмалы (хроникалық) гиподинамия. Күнделікті қимыл әрекеті төмен деңгейімен сипатталады. Ол жұмыстың ерекшелігіне байланысты. Жұмыс орнында аз қимылдау, копнесе отырып істейтін жұмыстарға байланысты. Күнделікті физиологиялық өзгерістер айтарлықтай көзге көрінбейді. Бірәқта, соңында физиологиялық функциялардың қызметі төмендейді және оларды реттейті механизмдердің де бұзылыстарының белгілері пайда болады. Ұзақ уақыт гиподинамияның көріністері: бұлшықеттер талшықтарының және моторлық нейронлардың атрофиясы мен дегенеративтік өзгерістері. ОЖЖ макромолекулардың алмасуы төмендейді. Гиподинамия кезінде РНК-ң саны азаяды. Бірақта оның концентрациясы өзгермейді негедесек нерв клеткаларының пішіні кішірееді. Ет талшықтары жіңішкелейді, гликоген мөлшері оларда азаяды. Энергия реакцияларының интенсивтілігі төмендеуімен байланысты митохондриялардың саны азаяды. Ет талшықтарының арасында май пайда болады. Афференттік ақпараттың интенсивтілігі мен көлемі азаяды. Дене қимыл үйлесімі бұзылады, күші төмендейді. Адам жігерлігі төмендейді, функционалды тапшылық, ауырсыну – осылардың барлығы дене қимылын оданбетер ұлғайтады. Өте-мөте аталған белгілер күшейеді егерде жұмыс орнында бір позамен отырса немесе жұмыс орны тар бөлмеде болса.
Бұлшық еттердің әлсіреуі қан айналыс, ас қорыту, тыныс алу жүйелеріне әсер етеді.
Гиподинамияның әсері бұындарға да әсіресі синовиалды қабығына. Бұын ішіндегі сұйықтық азаяды сондықтан бұындар өзінің ептілігін жоғалтады. Кейбір ет талшықтарында контрактура пайда болады.
Гиподинамия кезінде катаболизм процестері төмендейді, энергия шығыны азаяды, тотығу реакциялардың интенсивтілігі төмен. Қанның құрамында көмірқышқылы, сүт қышқылы және басқа метаболизм процестерінің заттарының мөлшері төмендейді. Бұл заттар қалыпты жағдайда тыныс алуды және қан айналымды стимулдайды. Гиподинамия кезінде жүректің соғу күші төмендейді, минуттік көлемі азаяды, жүрек етінің жұмысы нашарлайды, жалпы массасы азайғаннан жалпы жұмысы нашарлап әлсірейді.
Гиподинамия физиологиялық процестерінің тәуліктік ырғағына әсер етеді. Тәуліктік температура ырғағы, зат алмасу интенсивтілігі, қан айналыс, тыныс алу процестерінде өзгерістер байқалады. Қан тамырларында да өзгерістер пайда болады. Гиподинамия кезінде жүректен шыққан қанның көлемі азайғанынан айналымдағы қанның колемі де азаяды (қорда ұсталып қалады), сондықтан капиллярларда тұрып қалады. Артериалды тамырлардың тонусы нашарлайды. Вена тамырларының тонусы солайақ төмендейді. Бұның нәтижесінде қан қысымы төмендеп клеткалар мен ұлпалар оттегі жеткілікті мөлшерде пайдаланаалмайды.
Капиллярларда қан іркілуі тамырлардың қабырғасынынң су мен электролиттерге өткізгіштігін жоғарлатады. Олар тканьге шыға бастайды. Организмде ісіну пайда болады әсіресі аяқтарда. Лимфа агымы баяу жүреді неге десеңіз оның жылдамдылығы еттердің жұмысына байланысты, гиподинамия кезінде әлсіреген бұлшық еттердің жиырлуы төмендейді. Ортосатикалық тұрақтылық бірден бұзылады.
Тыныс алу жүйесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды өкпенің желденуімен қатар. Бауырдың қызметі әсіресе зиянсыздандыру қасиеті төмен. Бауырда қан айналыс нашар жүреді, ішектердің капиллярларында қан қысымы көтеріледі. Ішектегі сіңу процестері бұзылады – төмендейді. Жалпы ас қорыту жүйесінің қызметі баяу жүреді де соңында бұзылыстарға акеп соғады. Полиурия орын алады (АДГ үндеуі төмендегеннен). Зат алмасу процестерінің барлық түрлері –белок, көмірсулар, майлар, су-тұз алмасу бұзылыстарға ұшырайды.
Ең көрінетіні гиподинамия кезіндегі дене салмағының көбеюі. Дене температурасы да біраз төмендейді. Кезеген нервтің тонусы төмендейді.
Сонымен гиподинамия бүкіл организмге өте қауыпты жағдай десек болады.
Жіті гиподинамия табан астында және ұзаққа созылған жағдайда туады.
Біріншіден нерв жүйесінің қызметі өзгерістерге ұшырайды. Қан айналыс жүйесі, тныс алу жүйесі т.б. физиологиялық жүйелерде ерекше өзгерістер пайда болады. АҚ, ЭКГ өзгерістері, жүректің соғу жиілігі, физикалық жүктемеге қабілеттілік төмен, гипоксияға, температурлық өзгерістерге, инфекицияларға тез берілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет