І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс


ІІ фаза (кезең). Мағынаны тану



бет22/26
Дата20.05.2022
өлшемі445,5 Kb.
#144220
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары
Әлі Жансая МФЖІН 5, Дәріс 6.1, 7 сыныр БЖБ, Есіл аудандық сотына, Сабақты зерттеу рефлексивті зерттеу
ІІ фаза (кезең). Мағынаны тану
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT (түртіп алу жүйесі). Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, - “мен үшін түсініксіз”, + – “мен үшін жаңа ақпарат”, ? –“мені таңқалдырды” белгілерін қойып отыру тапсырылады.



V

-

+

?














INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұжымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
ІІІ фаза. Ой толғаныс.
Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.
Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзімен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой-түйістіру өз үйрену жолын кестесін жасау мақсатында басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-тан аса стратегиялардан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет