І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс



бет24/26
Дата20.05.2022
өлшемі445,5 Kb.
#144220
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары
Әлі Жансая МФЖІН 5, Дәріс 6.1, 7 сыныр БЖБ, Есіл аудандық сотына, Сабақты зерттеу рефлексивті зерттеу
Қорытынды
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс үнемі өзгеруде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу. Ал бұның өзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеді. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибе батыл енгізуді талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі мен оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі – уақыт талабы. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады. Бұл талаптарды тарих мұғалімінің тәжірибесін зерттегенде де, қызметін бағалағанда да, сондай-ақ мектептерде барлық пәндердің оқытылу жайымен танысқанда да пайдалану керек.
Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы болып жатқан үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдында тұрған міндеттер білім берудің жалпы жүйесіндегі оның рөлін, функциялары мен орнын ой елегінен өткізудің, оны одан әрі дамытуға жаңа көзқарасты тұжырымдаудың қажеттілігін тудырады.
Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі кезеңде қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері ашылып, оларды пайдаланудың жолдары көрсетілді. Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен, міндеттерімен, мақсаттарымен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашып, олармен пайдалана білуге үйретеді.
Сондай-ақ оқу құралы жаңаша ойлауына, ізденіске түрткі болып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Жаңа педагогикалық технологиялар әлі түбегейлі зерттеуді қажет ететіндіктен, жалғасы болуға тиісті.
Демек, қазіргі уақытта біліктілікті арттыру үрдісіне пәнішілік тар шеңбердегі әдістемелік көмек деп қарап, онда репродуктивті амал әрекетпен шектелу ағаттық болар еді. Білім көтеру – адамның жан жүйесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеретін психологиялық үрдіс. Ол тыңдаушының тұлға ретінде дамуына әсер етіп, болмысының өзгеруіне әкелуі, ақырында сол адамның қоғамдық тәжірибеге үлес қосумен аяқталуы тиіс. Бұл орайда біз біліктілікті арттыру жүйесінде жоғарыда тоқталып кеткен дамытушы орта жасауды шығармашылаққа қол жеткізудің шарттарының бірі деп есептейміз. Дамытушылық шығармашылық орта – білімділік үрдістің субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.
Біріншіден, дамытушылық шығармашылық орта қалыптасуы үшін оған әсер ететін қайнар көз ретінде оқу үрдісі алынады. Оқыту
үрдісінің мазмұны қажеттілік сұраныстарға қарай өзгермелі, технологиялық жағынан қамтамасыз етілген, субъектінің өзін-өзі дамытуға ықпалы барлығымен сипатталады. Дамытушылық шығармашылық орта өз қызметін тиімді атқарады, егер субъект үшін мәні болса.
Екіншіден, дамытушылық шығармашылық орта өзінен - өзі стихийялы түрде пайда бола салмады, кіріктірілген, жасампаздық педагогикалық әрекет нәтижесінде сол дәрежеге жетеді. Демек мұндай ортаны жасау үшін мақсатты жұмыс жүргізілуі қажет.
Үшіншіден, дамытушылық шығармашылық орта мәнді – құндылықтардың бірлігі мен теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай шығармашылық ортаны жобалауды оның субъектілер үшін эмоциналдық мәнмен толы болуын да ескеру қажет.
Төртіншіден, дамытушылық шығармашылық орта педагогикалық үрдістің ықпалынан өзіндік кіріккен сапаға да ие болуы мүмкін. Ондай сапаға біз субъектілердің әрекеті барысында пайда болатын, оларға позитивті немесе негативті әсер ететін психологиялық климат немесе психологиялық ахуалды жатқыздық.
Бесіншіден, дамытушылық орта жасауда шығарамашылықпен өзін-өзі жетілдірудің әлеуметтік-психологиялық қондырғылардың қалыптасуының механизмдерін қолдану тиімділігін тірек етеміз.
Сипатталып отырған орта - әлеуметтік-мәдени кеңестіктің бір бөлігі, субъектілердің өзара әрекеттесетін аймағы. Мұндай ортаның аспектілері.Инновациялық технологиялар және оны меңгеру жолдары оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасының негізі қаланып, Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық белгісі де қалыптасып келеді. Мұнда басты мақсат етіп алдымен оқушы тұлғасы мен оның білім алу арқылы өзін-өзі дамытуды көздейді.
“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді” деген еді неміс психологі Н.Энкельманн. Осыған байланысты оқытудың инновациялық технологиясы бойынша қазіргі сабақтар тренингтер түрінде де өткізіліп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет